ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жарық көріп, шапағатын халыққа тигізуде. Соның бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы ауданымызда қанатын жайып, іске асырылу үстінде. Өкінішке орай, алынған несиелерді уақытында төлемеу мәселесі әлі де күн тәртібінде орын алып тұр. Осы мәселе жайлы ауданымыздың жұмыспен қамту бөлімінің директоры Райхангүл Баймолдинамен сұх-баттасқан едік.
- Райхангүл Қапезқызы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, оны дамытып жүрген азаматтар жайлы және берешегін қайтармай жүрген борышкерлер туралы айтып өтсеңіз?
- Мәселен, көкпектілік жеке кәсіпкер 2012 жылы Ержан Ажықұлов 3 млн. теңге несие алып, темір-бетон конструкциясы өндірісін ашса, самарлық Ләззат Құдайбергенова 2013 жылы 3 млн-ға шағын наубайхананы іске қосты. Ал, Миролюбовка ауылының жеке кәсіпкері Валентина Гранкина 2014 жылы 2,3 млн. теңге көлемінде несие алып, тұрмыстық қызмет көрсету орталығын ашты. 2013 жылы Қарлығаш Закирова 2 млн. қаржыға түшпара жасау цехын іске қосса, 2013 жылы Азамат Слямов 3 млн. көлемінде несие алып, ірі қара мал өсіруді қолға алды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған кәсіпкерлер бағдарлама аясында алған несиелерін орнымен жұмсау арқылы аудан тұрғындарының игілігі үшін тер төгуде.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында берілген, өкінішке орай несие бойынша біздің ауданда 5 наурызға дейін қарыз мөлшері 144,6 млн.теңгені құрайды. Ал, 2011-2015 жылдары «Ертіс» ӘКК «ҰК» арқылы ауданға арналған несие сомасы 365 қатысушыларға 821,0 млн. теңге, берілген болатын. Бүгінгі таңда оның ішінде өтелгені 56 млн. теңге ғана.


«Ертіс» ӘКК «ҰК» мәліметі бойынша наурыз айының басында, аудан бойынша мерзімі өткен берешек 144,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде негізгі борыш сомасы – 132,1 млн. теңге, сыйақы – 9,4 млн. теңге, өсімпұл – 3,1 млн. теңге. Ай сайын, бұл қарыз сомасының өсуін ескерсек, төлемдер мен өсімпұлдар мен наурыз айының соңына ол 65 млн. теңгеге артық болады.
- Бұл мәселенің қазіргі таңда шешімі бар ма?
- Менің ойымша, бұл мәселенің негізі несиелерді көбі мақсатты түрде алмауы және ауыл әкімдері мен несие алушылардың өзара түсінбеушіліктен туындап отыр. Қазіргі таңда, берешек ауылдық округ әкімдерімен несиені қайтару аясында, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы 365 несие алушылардың ішінде, 171 адам берешек, соның ішінде 15 борышкерге 33,4 млн.теңгеге сот үкімі шыққан болатын. Ал, 79 адам мәселені қиындатып, уақытында төлемеуден пайыздары жиналуда. Қазіргі таңда, біз ауылдық әкімдермен бірлесіп несиені қайтару үшін, айлық жоспар кестесін құрдық. Осы кесте бойынша ауыл әкімдері жұмыс атқаруда.
- Аудандағы ең көп берешек және осы несиені қайтару аясында белсенді жұмыс атқарып жүрген ауылдық округтерге тоқталып өтсеңіз.
- Негізгі несиені уақытында төлемей жүрген, Көкпекті, Самар, Қ.Аухадиев, Бастаушы ауылдық округтерін айтар едім. Олардың берешек сомасы 12 млн.теңгеден жоғары болса, қалған округтердегі берешек 1 млн., 9 млн.теңге төңірегінде ғана.
Тассай және Шұғылбай ауылдық округтерінде несиені қайтару жұмыстары мақсатты түрде жүргізіліп, оң нәтежиесін беруде. Олардың қарыз мөлшері 500, 151 мың.теңге ғана. Мұның өзі борышкерлермен жүргізілген жұмыстың қарапайым түрі. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы көптеген дөңгелек үстел, семинар, кездесулер мониторингтерді жүйелі жүргізіп отырады.
Сөз соңында айтарымыз, халқымызға осы дағдарыс кезінде, Елбасымыздың «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға мүмкіншілік берді. Президентіміздің сенімі - экономикамыздың алға басуында, қиыншылық кездерде мойымай өткен және тұрмыстарын жақсартуға ұмтылған халқында. Ал біздің мақсатымыз бірлікті, ауыз біршілікті, жеткен жетістіктерімізді одан әрі дамыту.
-Сұхбатыңызға рахмет, көктем мерекесі құтты болсын, жұмысыңызға табыс тілеймін.

Сұхбаттасқан: КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз