ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Миллиондар аудиториясы» атанған теле-дидардың қоғамдық санаға тигізер ықпалы ерекше екендігі мәлім. Ал осыған дейін елімізде күндіз-түні хабар тарататын отандық және шетелдік телеарналардың ұлттық әдет-ғұрпымызға жат, анайы көріністерді жиі көрсетіп, жас ұрпақ тәрбиесіне теріс әсерін тигізетіні жұртшылықтың наразылығын туғызып келгендігі де аян. Тіпті әкесі мен баласы, анасы мен қызы қатар отырып, теледидар көру қиын болып кеткені рас. Ел зиялыларының осы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көптен қағып келе жатқан дабылы далаға кетпей, жуырда “Телерадиотарату туралы” Заң қабылданды. Бұған дейін елімізде мұндай Заң болмаған еді. Енді жаңа заңнамаға сәйкес балалардың мінез-құлқы мен денсаулығына зиян тигізетін анайы көріністерге жол берілмейді. Осылайша бүгінгі қоғамымыздың көшінің бағытын белгілейтін басты темірқазығы саналатын Заң түзелгеннен кейін ел теледидары да түзелуге тиісті. Осы орайдағы бірден-бір оңтайлы мүмкіндік спутниктік сандық теледидардың отандық операторы “ОТАУ ТД”-ға қосылу болып табылады.

Бүгінде халыққа сапалы түрде ақпарат ұсынып, жемісті еңбек етіп жүрген телеарналар арасында "Отау ТД" отандық спутниктік телеарналар желісі жоғары көрсеткішке ие десек артық айтқандық емес. “Отау ТД” телехабарлары екі бағытты қамтиды. Бұлардың біріншісі «Цифрлық телехабар тарату желісі» деп аталса, екіншісінің атауы –«Спутниктік телехабар тарату желісі». Қазақстан Республикасы цифрлық хабар таратуға көшуді 2006 жылы Женева конвенциясына қол қойған соң бастады. Бұл үлгіге көшу мәселелерімен «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы айналысады.
Біз ШҚО «Қазақтелерадио» АҚ Көкпекті ауданы бойынша филиалының директоры Сергей Борщовты әңгімеге тартқанымызда ол: – Бұл қазақ тіліндегі хабарларды көріп, тыңдаушылар аумағын кеңінен қамту мақсатын көздейтін мемлекеттік маңызы бар бағдарлама. Қазіргі таңда, хабарларды ауданымызда 1923 тен астам абонент тамашалайды, – деді. Филиал директорының тағы бір айта кеткен жағымды жаңалығы сандық телеарнаны қосу үшін былтырғы жылы, арнайы неміс сапасымен қондырғылар алынған болатын. Қазір ауданда, 10 радиотелевизиялық станциялар жұмыс атқарып, 300 абоненттер сандық телеарнаны қолдануда.

Сандық телеарна – бұл бейне мен дыбыстың жоғары сапасы. Жаңа жоба көпарналы хабар таратуға, ұлттық желілік ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады. Хабар таратудың тиімді жүйесі арқылы еліміздің өңірлеріндегі жұртшылық көптеген телеарналарды тамашалауға мүмкіндік алады. Атап айтқанда, отандық 32 телеарна мен радиоарналар сигналы өңірлерге жоғары сапамен жетеді.
Сонымен қатар, осы мекеменің Көкпекті округі бойынша дилері Владимир Росстың айтуынша, өңіріміздің шалғай ауылдарының тұрғындары жақсы пайдаланып отыр. Мысалы, ауыл тұрғындары бұрындары небәрі екі-үш арнаның ғана хабарларын місе тұтып келсе, қазір олар қазақстандық арналардың хабарларын толығымен тамашалай алады.
Қазақстандық 40 арнадан өзге 97 арнаның хабарларын көруге ықыласты тұрғындар ол үшін телеоператорға ақы төлейді. Алайда, бұл ақы қазірде пайдаланылып жүрген кабель желісінен әлдеқайда арзан әрі тиімді. Тиімділігі сол, “Отау ТД” хабарлары өте көрнекі, көрсетілуі айқын, бұлдырсыз. Тоқтап қалу сияқты немесе басқалай тосқауылдар болмайды.
Ұлттық құндылықтарды бойыңа сіңірген білікті мамандар қазақтың мүддесі, қазақтың сөзі, қазақтың намысына келгенде отандық телеарна жұмысының жандануына бір кісідей үлестерін қосуда. Тек мұны, халық болып қолдау сәл ақсап тұр. Ендеше, қазақ көрермендеріне отандық телеарнаға қосылып, сапалы ақпаратпен сусындайтын кез келді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз