ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні ауданымызда жыл сайын ерекше сән-салтанатпен аталып өтіледі. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл – экономиканың ең маңызды саласының бірі. Халық тұтынысына қажетті тауарлардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Бар күш-жігерін дәл осы салаға салып, ырыздығын жерден көрген дихандар үшін бұл басқосу дүбірлі думанман деңгейлес. Себебі шаруалар жаздай көрген қиыншылығының жемісін осындай думанды кеш аясында айқын сезінеді. Бір жылдық еңбегінің бағасын біледі. Машақаты мол міндеті үшін зор марапат алады. Аудан аумағында аталып өтілген айтулы күн аясында ауылшаруашылық саласы мамандарын жергілікті билік өкілдері құттықтады.

Мәдени шараға ауданның мемлекеттік мекеме басшылары, аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, ветеринария және ауылшаруашылығы салаларының мамандары қатысты.
Шара барысында ауданның осы уақытқа дейiнгi ауыл шаруашылығы саласында қол жеткен жетiстiктерi паш етiлген көрме ұсынылды. Аталмыш көрмеде Самар ауылындағы «Мәмбет» ШҚ нан өнімдері, «Рыбпром» ЖШС-ның балық өнімдері, Көкжыра ауылындағы «Көкжыра сүт» ШҚ өнімдері, Көкпекті ауылындағы бал өндірумен айналысатын «Рустам» ШҚ балдары және Теректі ауылындағы жеке кәсіпкер Бибітгүл Сағатбекованың наубайханасының өнімдері қойылды.
Жиылған қауымды аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов ауылшаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
- Біз бүгін өңірдің ауылшаруашылығы қызметкерлерінің бір жылдық жұмысын қорытындылап, сала мамандарына құрмет көрсетуге жиналдық. Ауылшаруашылығы – ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші салалардың бірі. Ауылшаруашылығы саласында еңбек еткендердің үміті келешекте өзін-өзі толықтай ақтайтынына баршамыз сенеміз.


Шаруа қожалықтарының мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмегін алып, өз істерін дамытып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта әлемнің ең тұрақты валютасы – азық-түлік болады» деп бекер айтпаған, - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі. Сондай-ақ, қажырлы еңбектерiмен ауданымыздың экономикасының дамуымен қатар қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып жүрген ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне амандық, береке мен бірлік және толағай табыс тіледі.
Сонымен бірге ауылшаруашылығы күніне орай бірқатар ауыл еңбеккерлеріне сый-сияпат жасалды. Ең алдымен Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының мадақтамасымен Юрий Виничук, Берік Бакатбаев, Болат Жармұхамбетов, Ерболат Батыров, Харис Сейфиев, Ғалым Байжұминов, Дәулет Қарықболов, Қуат Закариянов марапатталды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы және жемісті еңбегі үшін Көкпекті ауданы әкімінің «Еңбек Ардагері» медалімен Камалбек Кисин, Армия Бектасов, Совет Оразаев, Манап Сарманов, Слямбек Мұқашев, Айдархан Сыдықов, Қапез Баймолдин, Айғали Оразғалиев, Тоқан Жазнаев, Қабылбек Әлімов, Мәуітбек Оразбаев, Жәнібек Дайырбеков, Бақытбек Құнафин, Төлеген Жақыпбаев, Ғинаят Богубаев, Кәртай Құдайбергенов, Николай Карчев, Оралбек Қозығұлов, Тұрсынбек Закиров, Мирон Лискеевич, Александр Шаров, Сағындық Сатыбалдин марапатталды.
Сондай-ақ, аудан әкімінің «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен В.Виничук, Б.Бекбердинов, Е.Мәмбетов, Ж.Күшікбаев, Қ.Дюсембаев, Е.Қойгелдин, М.Каликовқа берілді. Ал, «Ауыл еңбегі» медаліне А.Бойков, Х.Фахрудинов, Е.Омаров, Г.Сарымсақова, С.Уйсенов, Қ.Желдыбаев, Р.Мұхамадиев, С.Зейнуллин, М.Жакупов, А.Нароженов, М.Лопаткин, М.Құмаров, Р.Раев, О.Сеңгербаев, Қ.Баймолдин, Қ.Турукбаев, Е.Сағандықов, Т.Бекбердин, А.Шынтеміров, Н.Абдрахманова, Д.Изгутдинов, Қ.Әбікенов, М.Хабидолданов, Ә.Көкбаев, Ж.Отаров, С.Смаилов, М.Игіліков, Ж.Байназаров, Б.Рапеков, Р.Құдайбергенов, М.Құдайбергенов, Б.Құмаров, Ә.Рапеков, А.Воротников, А.Қажығалиев, Е.Буленбаев, В.Батраков, А.Токашев ие болды.
Сонымен қатар, бұл күні аудан әкімінің мадақтама қағазымен шаруа қожалық басшылары мен малдәрігерлері марапатталды. Олар: Виктор Виничук, Қ.Түсіпжанов, Ж.Бауедимов, Е.Болде, К.Хощянов, З.Қалиева, М.Булькенов, М.Тілеукенов, Қ.Тілебалдин, Ж.Ибрагимов, А.Смағұлов, Т.Ахмадиев, Қ.Қалдыбаев, Қ.Оңғарбаев, А.Макаров, Е.Солтанбаев, С.Нұрпейісов, К.Жолдыбаев, Ж.Әмірхан, Е.Нұрқанов, М.Нұралин.
Ал, аудан әкімінің мерекелік Алғыс хатын ауданымыздағы бірқатар шаруа қожалықтарының басшылары алды. Атап айтсақ, «Әрсен» (М.Сарымсақов), «Маңырақ» (А.Кәрібаев), «Бұлақ» (Н.Егеубаев), «Арман - 1» (Д.Далбин), «Әділет» (Е.Байсақалов), «Асанәли» (М.Казақпаев), «Римма» (Р.Шаймарданов), «Мереке» (Б.Айтышев), «Жігер» (С.Құсайынов), «Сейіт» (С.Абылқайыров), «Алеке» (Ш.Құнанбаев), «Рахимбек» (С.Жолдыбаев), «Ғабдуалиұлы» (Н.Разханов), «Үш терек» (Ә.Рапеков), «Ақшаған» (М.Ақшағанов), «Құнғожа» (М.Кұнғожин), «Ельдар» (В.Белаусов), «Миролюбовка» (Е.Бородин), «Нива» (И.Порохов), «Нұржан» (А.Смаилов) берілді.
Салтанатты мерейлі мерекеде еңбектегі зор табыстары үшін аудан әкімінің Алғыс Хатымен және бағалы сыйлықтарымен аудандағы ШҚ және ЖШС-нің бригадирлері мен механик, механизатор, комбайнерлері Ә.Тоқтарбаев, Қ.Оразаев, Т.Ұлықбаев, Ф.Қалбағаев, А.Ибраев, А.Есмұханбетов, М.Смағұлов, Р.Назинов, Р.Исенов, В.Петров, А.Семенов, Қ.Қошқарбаев, Е.Уалиев, С.Клыжко, С.Смак, Н.Ташубаев, Д.Исинғазин, Е.Уатаев, С.Небылица, Б.Аққазин, С.Қаражігітов, Т.Омарбеков, Ю.Грядкин, Е.Абдулхаликов, Н.Бибосынов, Ж.Тоқтаров, С.Ибраев алды.
Салтанатты шара аудан өнерпаздары және Балалар өнер мектебі оқушыларының әзірлеген үлкен мерекелік концертке ұласты. Қалың жұрттың қамын ойлап, қамбаны алтын астықпен толтырып, келер жылдың жос-парын қазірден-ақ әзірлеп жатқан дихандар қауымына жергілікті жамағаттың айтар алғысы көп. Оларға деген орасан зор ілтипатын мәдениет саласының мамандары да өз өнерлері арқылы білдіріп жатты. Жерге дән сеуіп, елге нан берген дихандар мерекесін олар әнмен әрлеп, бимен қыздыра түсті.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің айтулы мерекесінде, мерейлі мерекеге жиналған ел-жұрттың ізгі тілегі.
Бақытбек Айтышев, Семей қаласының тұрғыны:
- Құрметті жерлестерім, еңбектеріңіз жер жүзіндегі ең қажетті де, аса маңызды қызметке арнаған кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Халықтың «Ас атасы - нан» деген дана сөзінің терең мағынасы өмірдегі қоғамның барлық даму кезеңдерінде құпталып келеді. Осы сәтті пайдаланып, ауданымыздың бетке ұстар азаматтары Ержан Қойгельдин, Болат Бекбердинов, Жұмабек Күшікбаев сынды артымнан ерген інілеріме туған ауылдары үшін игі істеріне ағалық алғысымды білдіргім келеді.
Ауыл шаруашылығының еңбекшілері мен ардагерлеріне еліміздің өркендеуіне, жаңа еңбек жетістіктеріне жетуге зор денсаулық, ырыс, құт- береке, бақыт тілеймін.
Тұрсынтай Закиров, Ауыл шаруашылық саласының ардагері, Сарыбел ауылы:
- Құрметті ауыл еңбеккерлері, ардагерлер! Кәсіп-тік мереке Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні құтты болсын! Диқандардың, малшылардың, механизаторлардың, басқа ауыл шаруашылығы мамандарының еңбегі - ел экономикасын дамытуға қосылған баға жеткісіз үлес.
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, өркендеу, құт-береке және Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа да жоғары еңбек жетістіктерін тілеймін!
Төлеухан Ахмадиев, «Салтанат» ШҚ басшысы, Шұғылбай ауылы:
- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еліміздің тағдырындағы ауылдың маңыздылығына мән беріп былай айтқан: «Жер абаттанса, ел ауқаттанады. Ауылдың амандығы - елдің амандығы». Бұл сөздердің мағынасы терең екені сөзсіз. Әрбір елдің, мемлекеттің бар болуы, әрі дамуы экономиканың осы саласына, оның ахуалына тура тәуелді болады. Сондықтан да, осы салада еңбек етіп, өзінің бар күш-жігерлерін жұмсап отырған қызметкерлерге - нағыз еңбекқор адамдар деп айтсақ, болар. Сіздердің еңбектеріңіздің арқауы - ауданымыздың сондай-ақ, облысымыз бен еліміздің мәртебесі.
Мұрат Булькенов, «Қарақас» ШҚ басшысы, Теректі ауылы:
- Ауыл шаруашылық қызметкерлері күні қарсаңында сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ауылшаруашылық саласын өркендетуге үлес қосқан сіздерге, сіздер арқылы барлық аграрлық саланың қызметкерлеріне шын жүрегімізден алғысымызды айтып, келешекте де зор табыстар тілеймін.
Ауылда еңбек ететін жандардың барлығына зор денсаулық, отбасыларына береке мен молшылық, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріне табыс тілеймін!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз