ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қоғамның армиямен байланысын нығайту, әскери қызметшілер бойында қазақстандық патриотизм, интернационализмді қалыптастыру, Қазақстан Респу-бликасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне, әскери борыш пен әскери антқа адалдық сезімдерін тәрбиелеу - әскери тәртіпті, тұтастай алғанда, ұрысқа әзірлікті күшейтуге осы әскери-далалық жиыны ықпал етеді.
Бұл орайда жасөспірімдердің әскери-далалық жиынында алған іс-тәжірибе шеберліктері де өз үлесін қосады. Әскери дала жиынын сапалы өтуіне оқу материал базасы көп рөл ойнайды. Аудан мектептерінің 10-сынып оқушылары Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектепте бес күндік әскери-далалық жиынын өткізуге жиналды. Жиынға барлығы 70 курсант жиналып, төрт взводқа бөлінген. Лагерь бастығы ауданға белгілі тәлімгер Октябрь мектеп-балабақша кешені мұғалімі Василий Петрович Онищенко тағайындалған.


Аудандық штаб бастығы Асылбек Асаубаевтың айтуы бойын-ша: - Бес күндік әскери-далалық жиынын өткізу барысында ең бірінші басталуы туралы бұйрық шығарылады. Сабақты және тақырыптарды жоспарға сәйкес тактикалық алаңда өткізу. Бес күндік әскери-далалық жиынына қатысатындардың саны – 70 адам. Жиын өту барысында бөлім және бөлімше командирлері болып – 1-взводқа Кали Қыдырбай, 2- взводқа Олжас Токушов, 3-взводқа Ерболат Көкенов, 4-взводка Мереке Калелов тағайындалды, - деді мән-жайды түсіндіріп.
Сонымен қатар әр курсанттың денсаулығы туралы анықтамасы, өзімен бірге қандай заттары болатындығы ескерілген. Оларда далалық киім «камуфляж» бас киім (пилотка), противогаз ГП-5, тәулікке құрғақ тамақ, рюкзак, аспалы сөмке, белдік қайыс, суға арналған фляжка арнайы қорапта, ағаштан жасалынған пышақ, қораптағы қол гранатасының 2 болванкасы, АКМ автоматының ағаш макеті, топографиялық карта, дәптер, Алғашқы әскери дайындығы оқулығы, қаламсап, қарандаш, жіп ұзындығы 1,5 м болуы керек.
Оқу-жаттығудың әскери–далалық жиынында курсанттар Алғашқы әскери сабақтарынан үйренгендерін, алған білімдерін практикада колданып, даярлықтарын шыңдайды. Жиынға қатысушы жасөспірімдерге тактикадан, саптағы дайындықтан, дене тәрбиесі даярлығынан, саяси оқудан сабақтар өткізіліп, сынақтар тапсырылады. Әр күнге арналған жауынгерлік парақ шығарылады.

Қайрат Малғаждаров

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз