Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Сан ұлттың басын біріктірген бейбітшілік пен жасампаздықтың мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнін Көкпекті жұрты шаттыққа толы көңіл күймен қарсы алды. Күн райының күрт өзгеріп, қолайсыздық көрсеткеніне қарамастан, 1 мамырда таңертеңнен Көкпекті ауылының орталық бөлігіне қолдарына қызылды-жасылды шарлар, жалаушалар мен ел бірлігі, ұлт татулығы, бейбітшілік, ынтымақ туралы ұрандарын көтеріп шыққан жұртшылықтың қарасы көп болды. Еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамды өз дәрежесінде атап өтуге аудан орталығындағы барша мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің орталық мәдениет үйі алаңына бір кісідей жиылуы көпұлтты Көкпекті халқының ауызбіршілігі мен берекесінің көрінісі болса керек.
1 мая Казахстан отметил один из самых добрых и светлых праздников – День единства народа Казахстана. Это праздник дружбы, понимания и согласия, которые так необходимы для мирной жизни в стране, где проживают более 150 наций и народностей.
День единства народа Казахстана — один из самых уникальных государственных праздников. Он по-особому дорог нам, живущим в полиэтнической и многоликой, но одинаково родной всем стране. 1 мая в селе Кокпекты на площади перед домом культуры было красочно и многолюдно. На территории Дома культуры был накрыт богатый дастархан со всевозможными яствами и национальными угощениями, где были представлены болгарская, русская, казахская, чеченская, узбекская, украинская кухни.
Толығырақ...Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандық жас ұрпақтар үшін өнегесі мол тамаша үлгі!
ҚЫМБАТТЫ АРДАГЕРЛЕР!
Ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұту. Қазіргі таңда арамызда жүрген Нұрмұханбет Ақшалов, Балахонов Павел Яковлевич, Халиуллин Мустафа, Цепков Петр Иванович, Гарганов Федор Кузьмич, Винников Семен Михайлович, Кинбаев Елеусиз, Икласов Муталят, Кожаев Кусман, Тваровский Эдуард Юльевич, Чумаков Николай Иванович Федосова Валентина Степановна сынды ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету.
Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін, құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз!!!
Е.Қалдыбаев, аудан әкімінің м.а.
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.