Көкпекті ауданында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік кеш Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылып, ақ халатты абзал жандардың еңбегі лайықты құрметке бөленді.
Сахна шымылдығы әнші Дулат Манарбековтың орындауындағы Абай Құнанбайұлының "Айттым сәлем, Қаламқас" әнімен ашылды.
Салтанатты шараны жүргізушілер А.Артықбаев пен Ж.Сахариева ашып, жүрекжарды тілектерін білдіріп, шараның басын бастап берді.
Аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап: "Сіздердің мамандықтарыңыз - ең ізгі әрі сұранысқа ие кәсіптің бірі. Бұл салада рухы берік, жылы жүректі тұлғалар жұмыс істейді. Тұрғындарымыздың денсаулығы, бақыты мен әл-ауқаты сіздердің күнделікті қызметтеріңізге байланысты. Өткен жылдары бүкіл адамзат үшін қиын қыстау коронавирус инфекциясының пандемиясы кезеңінде сіздер алғы шепте, ұлт саулығы үшін тәулік бойы жанкештілікпен ерен еңбек етіп, қайсарлықтарыңыз бен адал қызметтеріңіздің арқасында бұл ауыртпалыққа толы кезеңді де артта қалдырдық. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін",- деп жалынды сөздерін арнаған соң, аудандық аурухананың үздік қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар, аудандық аурухананың бас дәрігері М.А.Габдуллин мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.М.Оспанова да жылы лебіздерін білдірді.
Кеш барысында «Туған ел», «Дала дастаны», «Мой Казахстан», «Аппақ халат» сияқты әсерлі әндер шырқалып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әндерді А.Есполова, Д.Манарбеков, Қ.Бекмолдин, Н. Қайратұлы, А. Сейітханова сынды өнерпаздар орындады. «Інжу-маржан» ансамблінің өнері мен вокалдық трионың шырқалған «Жан досым» әні кеш көркін аша түсті.
Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері Габдуллин Махат Амангелдіұлы ақ халатты абзал жандарға құттықтау сөзін арнады: "Баршаларыңызды атаулы мерекемізбен құттықтап, қиындығы мен ауыртпашылығы қатар жүретін осынау еңбектеріңізге табыс тілеймін. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріміз аз емес. Олқы тұстар да бар. Алдағы уақытта ұжымдағы татулықты сақтай отырып, жұмыс сапасын арттыруға тиіспіз. Мемлекетіміздің қолдауымен емханамыз күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Оның өзі бізге үлкен қуаныш сыйлайды"
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің марапаттары:
1. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгі (медаль)
Изгуттинов Бахытжан Султанмуратович - Көкпекті аудандық ауруханасы Психиатр, нарколог және рентгенолог дәрігері. Еңбек өтілі - 30 жыл.
2. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Алғыс хат
Халиуллина Зульфия Маркеновна - Көкпекті аудандық ауруханасы Психиатр- нарколог медбикесі. Еңбек өтілі - 37 жыл.
«Құрмет грамотасы» Абай облысы Денсаулық Сақтау басқармасы» басшысынан Алғыс хат
Заманбек Гулдана Куанышбекқызы - Көкпекті аудандық ауруханасы Терапевт дәрігері. Еңбек өтілі - 4 жыл.
Егеубаева Меруерт Ерлановна - Үлкенбөкен дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі дәрігері. Еңбек өтілі - 4 жыл.
Садвакасова Ляйля Сактагановна - Көкпекті аудандық ауруханасы Ота бөлімінің медбикесі. Еңбек өтілі - 37 жыл.
Баймадиева Жанна Ахметоллаевна - Көкпекті аудандық ауруханасы акушері. Еңбек өтілі - 19 жыл.
Слямбекова Толкын Амангельдыевна - Көкпекті аудандық ауруханасы Терапия бөлімінің медбикесі. Еңбек өтілі - 32 жыл.
Ахметова Жанар Айкеновна - Көкпекті аудандық ауруханасы медициналық статистика қызметкері. Еңбек өтілі - 37 жыл.
Классова Шолпан Каирбековна - Үлкенбөкен дәрігерлік амбулаториясының фельдшері. Еңбек өтілі - 14 жыл.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.