Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Семей қаласында көкпектілік жерлестер бас қосып, тағылымды кездесу өтті. Аталған жиын аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаевтың басшылығымен Семей қаласында тұрып жатқан көкпектілік ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың ақ батасын алу мақсатында арнайы ұйымдастырылды.
Бұл кездесуді өткізуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Талғат Манафұлы және облыстық мәслихат депутаты, жерлесіміз Ержан Тұрсынханұлы қолдау көрсетті.


Сонымен қатар шараға арнайы Көкпекті ауданы әкімі қызметін атқарған, қазіргі таңда Семей қаласының әкімі болып қызмет атқарып жүрген жерлесіміз Әділет Нұрсағатұлы қонақ болып,оған сый-құрмет белгісі деп аудан басшысы Нұрбек Тұрсынқанұлы мен Ержан Тұрсынханұлы ұлттық шапан кигізді.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, алдағы жоспарлар мен маңызды бастамалар талқыланды. Ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесіне сүйенген ақыл-кеңестері мен баталары – біз үшін әрдайым бағыт-бағдар. Аға буынның өнегесі мен қолдауы аудан дамуына серпін беретіні сөзсіз.
Шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көкпектілік ардагерлерімізге мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем ән мен жүрекке жылы лебіздерін арнады.


Меншікті тілшіміз

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз