Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 қаңтар күні аудан басшысы Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы азаматтарды қабылдау орталығында кезекке тіркелген тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға келген 4 тұрғынның біреуі тұрғын үй мәселесімен келсе, екеуі жер мәселесімен келді. Бір тұрғын ауданның мемлекеттік тіл деңгейі мен руханият деңгейіне алаңдаушылық білдірді. Барлық қабылдауға келген тұрғынның көтерген тақырыбын аудан әкімдігі ерекше назарда ұстайтынын жеткізді. Жер мәселесімен келген тұрғындарға қажетті жер бар екенін айтып, жер бөлімінің басшысы Атымтай Алматайұлы заң аясында қажетінше жер бөліп беретінін айтты. Нұрбек Тұрсынқанұлы қолында малы бар тұрғындарға қажетті мөлшерде жер бөліп беретінін айтты. Аудан басшысының тұрғындарды қабылдауы әр апта сайын өтеді. Аудан әкімінің қабылдауына жазылу үшін +7 777 990 0870 нөміріне хабарласыңыз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз