Зымырап бара жатқан уақыт-ай десеңізші. Кеше ғана ортамызда ақылшы болып жүрген, кеуделері орден, медальға толы ардагерлеріміздің қатары сиреп қалыпты Үлгілімалшылық соғыстан оралған 150 ден астам майдангерлеріміздің 70 жылдық мерекені біреуі ғана қарсы алайын деп отыр. Ол Сыдықов Тұрысбек ақсақал.
-Мен, 40 жылдан астам осы ауылда мәдениет саласында еңбек еттім, әр жыл сайынғы Жеңіс мерекесіне тікелей қатысып отырдым. Әлі есімде Жеңістің 30 жылдығын 58, 40 жылдығын 34, 50-де 16, 60-та 2-ақ адаммен тойладық. Жеңіс күнін тойлауға 1-2 күн қалғанда, «әттең-айды» да айта алмай, кенеттен қайтыс болған Бақыт Тоқтасынов, Айтқазы Алшынбаев ақсақалдарымызды айтсаңызшы.
Кеудесі орден медальдарға толы, өткенді еске алып, мерекеде бір жасап қалатын қайран ардагерлер-ай.
Солардың бірі, Сатыбалды Көбенаев 1943 жылы өрімдей жас жігіт, ФЗО-ға алынып Қарағандыда болады да, бір жылдай сонда болып, денсаулығына байланысты ауылға оралады. Денсаулығы түзеле салысымен 1944 жылы Шұғылбай ауылынан, 14 жігіт майданға аттанады.
Алматыда екі айдай оқу жаттығудан өтіп, I Белорусь майданда минометші болып, соғысқа кіреді.
-Соны қайтесіңдер өзімен кетсін ол соғыс деп отыратын, майдан жайын айтыңызшы дегендерге.
-Бұл кезде жаудың беті қайтып, жанталаса шегініп бара жатқан еді, Эльба жағалауында Американ солдаттарымен кездестік, бір біріміздің тілімізді білмесек те, Жеңіске деген ортақ мақсатымыз арқылы қуанышпен қауыштық, - деп отыратын жарықтық.
Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» I дәрежелі Отан соғысы ордендері мен бірнеше медальдардың иегері атанған. Амал не, Берлинге жете алмай ауыр жаралы болып, төрт ай госпиталда жатады, Жеңіс күнін де сонда қарсы алыпты.
Амалым жоқ, көрер жарығым бар екен, жаралы болып, топыраққа көміліп жатқан жерімнен тауып алыпты, ол жақтың топырағын жатсынған болуым керек, дейтін Сати аға езу тартып. 1945 жылдың күзінде елге оралған соң, ауыл шаруашылығының әр саласында еңбек етті. Зейнеткерлікке шыққанша Үлгілімалшы совхозының )) фермасында қойма меңгерушісі болды. Елінің қадірлісі, жастардың ақылшысы бола білді. 1995 жылы Елбасының құттықтау грамотасын, 2000 жылы облыс әкімінің алғыс хатын алды.
Жары Әдия Сәдуақасқызымен екеуі 4 ұл, 4 қыз өсіріп, ұядан ұшырды. 20 шақты немере, жиендері, 9 шөберелері бар. Ұл қыздары өнегелі жанұя болып, шаруашылықтың әр саласында еңбек етуде. Қан майданнан оралып, елу жылдан астам ащы терін төгіп, еңбек еткен қос майданның ардагері Сатыбалды Көбежаев ел есінде мәңгі сақталары анық.
Төке Асылханов Үлгілімалшы ауылы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.