Көкпекті ауданында ардагерлерді аудан әкімінің м.а. Р.Сағындықов құттықтап, Елбасы атынан құттықтау хатты және сыйлықтарды табыстады. Аудан басшысы қаһарман ерлерге Отан қорғауда танытқан ержүректіктері мен патриоттық сезімдері, жауынгерлік рухтары үшін алғыс айтты.-Біз сіздермен бұл тарихи дата – Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын лайықты қөарсы алайық, бұл сіздердің қаруластарыңызды еске алатын ұлы күн. Сіздерге және отбасыларыңыз бен туған-туыстарыңызға бақыт, зор денсаулық тілеймін,-деді Рамиль Нығметжанұлы.
Көкпекті ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Илья Бирюков Рамиль Нығметжанұлымен әңгімеде соғыс ылдарындағы қиындықтар, өзінің жауынгерлік жолдары туралы әңгімеледі. Ардагер ел Президенті Н.Назарбаевтың және аудан басшылығының көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс айтты. – Мен барлықтарыңызға көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен ілтипаттарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Еліміздің Президентіне біздің Отан алдындағы еңбегімізді ұмытпай бағалағаны үшін зор алғыс. Жаңа жылда еліміз өркендеп, алға қарай қарыштай берсін. Біздің ең басты байлығымыз татулық пен бірлік, соны көзіміздің қарашығындай сақтайық.
Бұл акцияға аудан әкімінің орынбасарлары да қатысып, ауданның шалғай ауылдарында тұратын ардагерлерді үйлеріне барып құттықтады.
Жаңа жыл қарсаңында осындай қамқорлыққа ие болған ардагерлер Елбасына тек қана 9 мамырда емес, жай күндері де көңіл бөлетіні үшін ризалықтарын білдірді.
Екатерина СКУДАРНОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.