Еліміз егемендік алған күннен бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев өңірлерді өркендету, қалалар мен ауылдарды абаттандыру және көгалдандыруға үлкен мән беріп, жүйелі жұмыстың барысын қатаң бақылауда ұстап келеді. «Туған жер – тұғырың» деген аталы сөз бар. Сондықтан, ауыл көшелерінің әсем де әдемі, таза да көрікті болуы көпшілікпен бірге атқарылатын, тәрбиелік және мәдени мәні жоғары іс деп білген жөн.
Шұғылбай ауылында бірнеше жылдан бері бұл бағытта көптеген игілікті жұмыстар атқарылып
келеді. Соңғы жылдары өңірде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда біршама оң тәжірибе жинақталды. Нәтижесінде тал-дарақтар отырғызу, көшелер мен арық-атыздарды тазалаудың жақсы дәстүрі қалыптасты. Осындай істерге тазалық күндері, сенбіліктер мен айлықтар өткізу үрдісі оң ықпал етуде. Өйткені, тазалық әр тұрғынның өзінен басталады. Ал, ең бастысы, таза көшелер, ол - ауылдың айнасы болып табылады.
Әкімшілік ғимаратының алдындағы әсемдікпен қырқылған ағаштар ауылға ерекше сән беріп тұрғанын көзің шалады. Ауылдық мешіт пен мектеп аулаларында жайқалған гүлдер өсірілген. Абаттандыру шараларында гүлдер мен ағаштардың түптері, айналасы арамшөптерден тазартылған. Көшелердің барлығына жарықтандыру ісі жүргізілген. Түн патшасы өз үстемдігін алған кезде де Шұғылбайдың шамдары жұлдыздармен таласып жарқырап тұрады. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» меморандумы аясында шаруа қожалығының иелері ауыл көшелеріне құм төгіп, туған ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты. Шұғылбайлықтар абаттандыру жұмыстарына белсене араласып, еңбексүйгіштіктерін танытуда. Бұл тұрғыда ауданымыздағы барлық ауылдық округтердің Шұғылбайды үлгі тұтарлық жөні бар.
Жансая СМАҒҰЛОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.