Үлгілімалшы ауылындағы мешітінің ірге тасы қаланғалы мешітімізге ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек жыл сайын мешіттің ішіне ғана ауыл тұрғындарының көмегімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп әктеліп, боялып отыратын. Өткен жылы мешіт алқасының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының қаржылай көмегімен мешіттің ішіндегі үстел мен орындықтары жаңартылып жөнделген болатын. Биылғы жылы да Үлгілімалшы ауылынан шыққан азаматтардың көмегімен, ескі есіктер мен терезелер ауыстырылып, жаңадан пластик терезелер мен есіктер орнатылды. Туған жеріне жаңашырлық танытып,балалық шағын ауылда өткізген жерлестеріміз туған жеріне туын тік дегендей қол ұшын беріп көмектескен жандарды атап айтсақ Ерғазы Бабажанов, Ержан Естаев,Ержан Жакупов,Жарқын Тұрсынханов, Алмас Тұрсынханов, Мұрат Батыров, Азамат Қажығұлов, Ербол Кокенов, Нұржан Кокенов, Жомарт Садықов, Айдос Тоқпаев, Дәулет Бабажанов, Еркімбек Байтұнов, Абылғазы Көкпаев, Мұхамеднұр Ибраев, Серік Абылхаиров, Жандос Камзин, Әнеш Ақатаев, Ерлан Асқаров, Фархат Калкенов, Исламбек Кунапиянов, Мейірбек Баймұхамбетов, Азамат Көкенов, Ерболат Көкенов, Аңсар Дзюбаев, Әсет Халелов, Қайнар Дзюбаев, Айдын Читимов, Жақсылық Шынарбеков, Марат Халелов,т.б азаматтар болса осы істің басы қасында жүріп ұйымдастырған Бақытбек Байғалиевке алғысымыз зор. Ермек Сыдықұлы бастаған мектеп ұжымы және әкімшілік ұжымы көмектесіп ісіміз оңға басты.
Мариногорка ауылдық округінде мәдениет үйінің алдында сағат 10.00-де «Ұлы Жеңіс жылдары!» атты мерекелік іс шара тойланды. Салтанатты шеруге ауыл тұрғындары, мұғалімдер, оқушылар келді. Шеруге барлығы 13 тыл ардагерлері шақырылды. Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранмен және тыл ардагерлерін округ әкімі Қ. Сурашев пен мектеп директоры А. Айдарғазина құттықтау сөздерімен жалғасты. Құттықтау сөзден кейін бір минуттық үнсіздік жарияланды 10 сынып оқушылары саптық жүріспен «даңқ ескерткішіне» гүл тізбесін қойды. Айтулы іс шара мектеп оқушылары және ұстаздары, әкімшілік және ауыл тұрғындарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты. Концертте жеңіске арналған әуезді әндер, өлеңдер, әдемі билерін тарту етті. АӘД мұғалімі У. Токтаров ««Журавли»», ауыл тұрғыны З. Айдарханова «Аналар туралы баллада», вокал «Бейбіт күн тілегі» «День победы» сынды әндерін тарту етті. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндерімізбен бірлесіп ауыл тұрғындары көріністер көрсетті. «А закаты алые», «Отмените Войну» 2-4 б сынып «Последний бой», 5 -6-7а сынып «Жасұлан» сынды әндерін орындады.
9 Мамыр-Жеңіс Күні. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Төрт жылға жуық, 1418 күн, Ұлы Отан соғысы болды. Бұл қайғы-қасірет, ауыр еңбек жылдары. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды Сонымен қатар бұл ерлік, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік жылдары болды. Біз ардагерлерге олардың ерліктері үшін алғысымызды білдіреміз. Жыл сайын осы күні еліміздің шағын ауылдары мен үлкен қалаларында Даңқ мемориалының жанында майдангерлер, тыл еңбеккерлері мен қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсету үшін салтанатты шаралар өтеді.
9 мамыр күні Самар ауылындағы Даңқ мемориалына адамдар мерекелік көңіл-күймен жиналған. Бұл жерде жиырмасыншы ғасырдың ең қанды және қатыгез соғыстағы жеңістің қандай жолмен келгенін, осы қасиетті күнді еске алу үшін барлық адамдар жиналды. Біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, осы жарқын және қымбат мерекені 74-рет қарсы алып отырған Ұлы Жеңіс күнін жадымызда мәңгі сақтауымыз керек.
«Сәуір болмай тәуір болмас» деген ата-бабаларымыз, жер аяғы кеңіп, көктемгі шаруаның қызу басталар шағында ағаш отырғызып, айналаны абаттандыруға көңіл бөлген.
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Сарыбел ауылдық округінде өткен сенбілікте жергілікті мекеме, мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары тазалық жұмыстарына бел шеше кірісті. «Жас өркен» көгалдандыру жоспар бойынша «Қайыңды» орман шаруашылығынан барлығы 85 түп қарағай, 70 түп қайыңды ағаш өсіру питомниктен әкелінген өскіндерді отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Тассай елді мекеніндегі көктемгі қар суынан топырағы езіліп, ойдым-ойдым ойылып томарға айналған орталық көшедегі күре жолды шаруа қожалықтарының бес бірдей қуатты тракторы мен қайратты қыр жігіттері жұмыла кірісіп кешке дейін тас жолды тақтайдай етіп тегістеп тастаққа айналдырды. Шайтан арбамен жарыса шапқыласқан көк өрімдер де қуанып, көктеммен бірге жадыраған жұрттың да еңсесі көтеріліп сала берді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.