Жылыжай - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан шыны шатырлы төбесі бар ғимарат. Мектеп үшін бұл қысқы уақытта жаңа піскен көкөніс пен көк шөптің қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар өсімдіктер физиологиясын зерттеп, танудың зертханасы.
Жылыжайдың артықшылығы - бұл поликарбонаттан күн сәулесі жақсы өтеді, бір уақытта қызуды сақтайды. Ол берік, су мен ылғалға төзімді. Сондықтан жылыжай жыл бойы жұмыс істей алады.
Толығырақ...Аудан әкімі Асхат Смаилов дүйсенбі 19 қараша күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олар аудан басшысына жер бойынша, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бірқатар өтініштері мен арыздарын жеткізді.
Ағымдағы жылдың 12-13 қараша күні аудан әкімі Асхат Смаилов Көкпекті және Самар ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Аудан әкімінің кезекті қабылдауына келген ауыл тұрғындарының келген мәселелері жер қатынастары, шабындықтар, несиелеу, сумен жабдықтау, тұрғын үйді жекешелендіру, баспана, материалдық көмек және жұмысқа орналасу төңірегінде болды.
Көкпекті ауданының балалар өнер мектебінде шығармашылық бағытына негізделген тігін, сурет, биссер, тоқыма үйірмелері жұмыс істейді. Бұған қоса, аудан әкімі Асхат Смаиловтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың қазан айынан бастап балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері үшін жаңадан қосымша «Жұмсақ ойыншықтар» үйірмесі ашылған болатын.
Үйірме жұмысымен танысу мақсатында балалар өнер мектебі директорының орынбасары Айнұр Баянғалиевамен бірге аталмыш үйірменің сабағына қатысып қайттық. Үйірме жетекшісі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына есімі енген жерлесіміз жеке кәсіпкер Жанна Жабекова. Аптасына екі рет өткізілетін қолөнер үйірмесі Жаннаның жұмсақ ойыншықтар жасайтын тігін цехында жүргізіледі екен. Бүгінде Жаннадан сабақ алып жүрген балалар екі топқа бөлінген. Екі топ құрамында 6 баладан бар. Айнұр Азанбайқызының айтуынша, балалар жетекшілерін өте жақсы көреді, үйірме сабақтарын босатпайды. Балалар тіпті каникуль уақытында да де келіп жүреді. Бір айдың ішінде үйірмеге қатысушылар жетекшілерімен бір-лесе үш жұмысты аяқтапты. Тағы бір айта кететін жайт, үйірме ақысыз негізде жүргізіледі. Үйірме жетекшісі үнемі шығармашылық ізденісте, креативті идеяларды іздейді және өз дағдыларын жетілдіреді. Бірақ шығармашылықтың негізгі бағыты жұмсақ ойыншық тігу болып табылады. Олардың көпшілігін Жанна фетр мен флист матасының жарқын түстерін таңдауға тырысады. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу үйірме мұғалімдерінің қолында. Біздің мектебіміз балаларды жан-жақты дамыту мақсатында және шығармашылық бағыт бойынша Ж.Шайжүнісов орта мектебінде «Ағаш өңдеу», Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінде «Жас кескін шеберлері» үйірмелері жұмыс жасап келеді.
Толығырақ...Қазан айының 31 күні жуықта пайдалануға берілген аудандық ардагерлер үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қазақ фольклорын зерттеу экспедициясы жобасының негізінде кездесу болып өтті. Жұмыс тобының құрамында жоба жетекшісі, сазгер-ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет ісінің үздігі, қаламгер Бағдат Оразбайқызы және баспасөз-хатшы Айзада Әділбаева болды. Аталмыш іс-шара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, әңгіме түрінде өрбіді. Оған ауыл ақсақалдары, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қор сақтаушысы Клара Смаилова, жергілікті ақын Фархад Маратұлы, аудандық мәдениет үйінің әншілері қатысты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.