Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қылмысқа қарсы жан аямай күрескен аға ұрпақ өкілдері салып кеткен Қазақстан полициясының ерлік салт-дәстүрін сақтау және оны еселей түсу болашақ полиция қызметкері болам деген жас ұрпақтың басты борышы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұстан-ған саясаты еліміздегі жалпы ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді, сақтауды, өз елінің патриоты болып, құқық бұзушылықпен күресті күшейтуді талап етеді. Полицейлер-бұл адамдардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күресте алдыңғы қатарда тұратын адамдар. Түнді таңға жалғап, уақытпен санаспай, полиция қызметінің антына берік болып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықтың иесі болғысы келген жас талапкерлерге бүгінгі күні мемлекетіміздің 4 облысында, яғни Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиялары болашақ полиция кадрларына сапалы білім беруде.
Бұл оқу орындарының ерекшеліктерінің бірі оқу тегін жүзеге асырылып, тыңдаушылар казармалық жағдайда тұрады және тамақ, киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, арнайы стипендия алады.Сонымен қатар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған немесе мүгедектік алған ІІО қызметкерлерінің балалары, кадет корпусына және әскери интернат мектептеріне конкурстан тыс оқуға қабылданады.


Үміткерлер «Дүниежүзі тарихы» бейіндік пәнін, Алматы Академиясына «Физика»пәнін дұрыс таңдауға ерекше назар аударғандары жөн. Талапкерлердің ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өту нәтижелері бойынша тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін ең қажетті аз балл деңгейі ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы № 58 қаулысымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесімен белгіленеді. Негізінен ҚР ІІМ оқу орындарына түсушілердің бойы 170 см (қыз балалар үшін 160 см) кем болмауы талап етіледі.
Сөз соңында айтарым, қиындыққа мойымай, төзім мен тәртіпті талап ететін қызметтің иесі болам десең саған деген ішкі істер органдарының жоғары оқу орындарының есігі әрдайым ашық.

Г.Нұрғалиева, Көкпекті АПБ бастығының
кадр жұмысы жөніндегі орынбасары
полиция майоры

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз