Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Гендерлік саясат-қоғамдық өмірдің барлық салалрында ерлер мен әйелдердің тендігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Гендерлік саясаттың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігі берілген. Бұл дегеніміз отбасында, саясат , экономика саласында болсын ерлер мен әйелдердің тең құқығы бар екендігін білдіреді.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты дамытудың пайымы; отбасылық және гендерлік саясатқа қол жеткізудің шетелдік модельдері; Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері; тұжырымдамасының мақсаттары, міндеттері, оны іске асыру кезеңі және нысаналы индикаторлары; Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясатын іске асыру стратегиясы; отбасылық саясатты іске асыру стратегиясы; гендерлік саясатты іске асыру стратегиясы т.б. басым бағыттары көрсетілген. Сонымен қатар, гендерлік саясат саласындағы жетістіктер және өзекті мәселелері аталған. Шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде әйелдердің үлесі төмендігі; ерлер мен әйелдердің арасындағы орташа жалақыдағы айырмашылық 33% деңгейде екен. Мемлекеттік гендерлік саясат бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек:
1) гендерлік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ оны халықаралық стандарттарға, БҰҰ, ТДМ және ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес келтіру; 2) гендерлік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті билік органдарының іс-қимылын тиімді жоспарлау және үйлестіру үшін тетіктер мен жағдайлар жасау; 3) биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің 30% өкілдігін қамтамасыз ету; 4) материалдық активтерге (жер, мүлік, кәсіпорындар, ЖК және басқа) ие әйелдердің үлесін арттыру үшін жағдай жасау; 5) еңбек нарығына, қаржылық және басқа да ресурстарға тең қолжетімділік жасау арқылы әйелдердің экономикаға араласуын кеңейту; 6) әйелдер кәсіпкерлігін дамыту тетіктері арқылы ауылдық жерлерде әйелдерге нысаналы қолдау көрсету; 7) отбасы және гендерлік саясатты ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету және халықты үздіксіз жалпыға ортақ гендерлік сауаттандыру жұмыстарын жүргізу; 8) ерлер мен әйелдердің орташа жалақысындағы гендерлік алшақтықты қысқартуға септігін тигізетін шарттарды қамтамасыз ету; 9) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік тәсілдерді енгізу тұрғысынан сараптау мен бағалау және ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде оларды есепке алу; 10) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әйелдердің қатысуын кеңейту. Іске асыру кезеңдері: Бірінші кезеңде (2017 - 2019 жылдар) Гендерлік және отбасылық саясат тұжырымдамасын іске асырудың 2017 - 2019 жылдарға арналған жоспарында көзделетін отбасылық және гендерлік саясатта қол жеткізілген нәтижелерді одан әрі дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету жоспарлануда. Екінші кезеңде (2020 - 2022 жылдар) Қазақстанның гендерлік және отбасылық саясатының ұзақ мерзімді міндеттері мен іс-шараларын іске асыруды бастау жоспарлануда. Үшінші кезеңде (2023 - 2030 жылдар) тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, өз кезегінде, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге мүмкіндік беретін Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясатының ұзақ мерзімді міндеттері мен іс-шаралары іске асырылатын болады.
Қазақстан демократиялы, құқықтық мемлекет ретінде осы әйелдер мен ер адамдардың арасындағы теңдік үлкен рөл атақарады. Экономикалық-саяси дамуда үлкен серпіліс беретіні сөзсіз.


Н.Сагалова,
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының бас маманы- сот мәжілісінің хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз