Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әлемде сан түрлі мамандық болғанымен, әр адам өзіндік ерекшелігіне қарай еңбек жолын таңдайды. Бір адам өмірін әскери қызметке арнаса, келесісі дәрігерлікке мойын бұрады. Сан түрлі маман-дықтардың ішінде мемлекеттік қызметшілердің мүддесі мен құқықтарын қорғайтын - әдеп жөніндегі уәкіл болу жолын таңдау кез келген адамның ойына келе бермейтін қызмет.Елімізде 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін басшылыққа алады. Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.


Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоюына байланы-сты әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі ең жауапты лауазымдық орын.
Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілермен қатар әр азамат әдеп жөніндегі уәкілге қолданыстағы мемлекеттік қызмет саласы бойынша кеңес алуына болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде әдеп жөніндегі уәкіл міндеті департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Әділхан Нұрғазыұлы Тайсаринге жүктелген. Әділхан Нұрғазыұлы бүкіл саналы ғұмырын мемлекеттік қызмет саласына арнап, Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтің бастау алған кезеңінен бірге келе жатқан адам.
Әділхан аға 1954 жылы 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Катонқарағай ауданы комсомол ұйымының бөлім басшысы қызметінен бастаған. Әр жылдары Катонқарағай аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, партком хатшысы, Қазақстан Компартиясы Катонқарағай аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі – хатшысы, Катонқарағай аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Катонқарағай аудандық әкімшілігінің іс басқарушысы, аппарат басшысы – аудандық ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек сіңірген.
1998 жылдың 30 наурызынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы тәртіптік Кеңестің инспекторы, жетекші маманы, кейін хатшылық меңгерушісі болған.
Ары қарай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша басқармасы хатшылығының кеңесшісі лауазымында болса, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы қызметін абыроймен атқаруда.
Көп жылға қажырлы еңбегінің арқасында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қай қызметте болмасын Әділхан Нұрғазыұлы өз міндетін бар ынтасымен құлшына атқарған. Тәлімгерлік іс-тәжірибесі мемлекеттік қызметшілердің бірнеше легін тәрбиелеуге арналды. Көп жылдық жиналған мол тәжірибесімен кез келген адаммен еш бөгелмей бөліседі. Күнделікті өмірде қарапайым, ақжарқын, өткен қызметтік жолы туралы әрдайым әңгімелеп отырады. Бүгінгі күні ардақты әке, қазыналы қария атанып, немере-шөберелерінің қызығына тоймай жүрген жан. Қызметтестері Әділхан ағаның қай уақытта болмасын жүзінде күлкі үйіріліп тұратын бейнесін көргенше асық болады. Асыл ағаның келешек ұрпаққа берер тәлім-тәрбие қоры таусылар емес.


Б.Кенчимбаев,
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз