Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылған жұмыстың жағдайы» туралы отырыс өткізді.

Қайрат Малғаждаров төрағалық еткен отырыста Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайымен басқарма басшысының міндетін атқарушы Ұ.А.Тайғұлов таныстырды.

Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы ішкі партиялық тәртіп, партия Жарғысының орындалуы, «Нұр Отан»партиясы мүшесінің әдеп кодексі,партиялық бағдарламалардың партия тобында орындалуы туралы Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заңгері О.Ю.Кривко сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарын зерделеген.

 

Жұмыс тобы дайындаған мәліметке сүйенсек Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына кері әсер ететін және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын кемшіліктер мен олқылықтар жоқ екені анықталған.Мысалы 2017-2018 жылдар аралығында 49 дөңгелек үстел отырысы, БАҚ «Жұлдыз»- «Новая жизнь»газеттеріне 11 мақала берілген.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметкерлер арасында техникалық-құқықтық оқыту 2017 жылы - 46, 2018 жылы -17 әңгімелесу, ережелерді түсіндіру жиналыстары үнемі өткізіліп тұрады.

Кеңес отырысында сөйлеген жастар орталығының директоры, қоғамдық кеңес мүшесі - Азамат Қалықов сыбайлас жемқорлықты жеңу-мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Аудан жастары бойынша Көкжайық ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел» атты аудан жастары бас қосқан семинар, «Мен жемқорлыққа қарсымын» дебат өткізілді.Республика бойынша өткізілген «Адал жол» акциясына жастар белсене қатысты. Сыбайлас жемқорлық - бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін біз,жастар, жақсы білеміз.

СЖҚК қоғамының төрағасы - Қайрат Малғаждаров талдау көрсеткендей, Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша біршама жұмыстар жүргізуде. Әлі де болса кеңірек насихаттау керектігіне назар аударды.Отырыс соңында қатысушылар бұл қоғамдық дертке қарсы тұру мақсатындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірліктерін танытты.

Р.Наурызбаева, Партиялық бақылау коммисиясының төрайымы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз