Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік қызметші - Мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтардың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып саналады. Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамыуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады. Мемлекеттік басқару саласындағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарындағы қызмет болып бөлінеді.

Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдардың құрылуына жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болады. Мемлекеттік қызмет туралы заңның 28-бабында мемлекеттегі қызметшіге тәртіптік жазалар қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты осы заңмен белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін қолданылуы мүмкін деп бекітілген. Қызметшінің тәртіптік теріс қылығы - қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, орындамау кінәсі немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, қызметтік этика Ережелерін бұзуы, сол сияқты Мемлекеттік қызмет туралы заңда белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің уәкілетті органға шағымдануға сондай-ақ өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мемлекеттік органның штаты қысқарған жағдайда мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік органдардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмайтын болса төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жәрдем ақы төленуге тиіс. Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік кызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды. Қоғам мемлекеттік қызметшіге өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды және өзінің Отаны - Қазақстанға деген үлкен жауапкершілікті әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білу керек. Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауға, өзінің іс-әрекетімен біліктілігін, беделін нығайтуға, қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге, өтініштер бойынша берілген мерзімге қажетті шаралар қолдануға, адал, әділ, қарапайым да сыпайы мемлекеттік қызметкер болу-зор құрмет. Мемлекеттік қызметтегі әр адам жұмысының маңыздылығын сезіне отырып, өз елінің патриоты болу тиіс.


Б.Құржанбаев,
Көкпекті аудандық сотының сот приставы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз