Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында Қазақстан Респуб-ликасының жерге қатысты кодексінің өзгеруі мен толығуына орай жиын өтті. Жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ержан Карпунов Көкпекті және Жарма аудандарында жер қатынастары саласында қандай жаңалықтардың күтілетіндігі туралы әңгімелеп берді.

 

Атап айтқанда, жаңа заңнама қазақс-тандықтардың ауыл шаруашылық жерлерін жалдау институтының нормаларын сақтау және жетілдіруді көздейді. Қазақстандықтарға жалға алынған ауылшаруашылық жерлерінің максималды мөлшері белгіленеді. Сондай-ақ, ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану және оларды қайта бөлу бойынша мемлекеттік бақылау функциялары күшейтілетін болады. Шекара аудандарында ауыл шаруашылық жерлерін беру бойынша талаптар қатаң болады. Халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті елді мекендердің айналасындағы жайылымдық аймақтар анықталады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығымен жер заң-намасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий 2021 жылға дейін ұзартылды.

- Ауыл шаруашылық алқаптарын жалға беру институтын қазақстандық азаматтарға беру кезінде заң жобасында ауыл шаруашылық жерлерін конкурстық негізде қамтамасыз етудің жеке тәртібін белгілеу қарастырылған», - деп атап өтті Ержан Карпунов. - Жариялылықты қамтамасыз ету және оның барлық әлеуетті қатысушылары үшін бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа рәсім бұқаралық ақпарат құралдарында, әкімдік пен Ауыл шаруашылық министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау туралы хабарламаны жариялауды көздейді. Конкурстың жеңімпаздарын анықтайтын конкурстық комиссия құрамына комиссия мүшелерінің жалпы санының 50% құрайтын қоғамдық кеңестер мен «Атамекен» ҰКП өкілдерін қосу көзделген. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасына жүктелген өкілеттіктер енді қалалар, аудандар мен ауылдық округтер әкімдеріне беріледі. Осылайша, әкімдердің құзыретіне белгілі бір субъектілерге әкімшілік айыппұлдар шараларын қолдануға, міндетті бұйрық шығаруға, сондай-ақ қылмыссыз пайдаланылатын жерді алып тастау үшін соттарға жүгіну құқығын енгізеді. Кездесу соңында Ержан Карпунов қатысушылар талқылауға қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Негізінен басты сұрақтар, су қорғау аймағының жеріне аукционға байланысты сондай-ақ, жер телімін беруден бас тартқан және тендер өткізген жағдайда, қаражатты қайтару жайында болды.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз