Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Көкпекті аудандық сотының мәжіліс залында аудандық соттың сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы және Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Н.О.Нұралиновтың қатысуымен 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясы барысында алғашқы сөз алған сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы статис-тикалық мәліметтерге тоқталып өтті.


- 9 ай ішінде 36 тұлғаға қатысты 34 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде 15 тұлғаға қатысты 14 үкім шығарылғанын, былтырғы жылдың аталған кезеңінде 29 тұлғаға қатысты 25 қылмыстық іс қаралып, 19 тұлғаға 14 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылғанын, ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері сотпен шығарылмағанын атап өтті. Сонымен қоса, 269 азаматтық іс қаралғанын, оның ішінде 132 шешім шығарумен, 84 сот бұйрығы болып табылатындығын, 65 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралғанын, былтыр қаралған істің саны 208 болып, 245 тұлғаға қатысты 245 әкімшілік іс қаралғанын, ал былтыр 226 әкімшілік іс қаралды.
Аталған мерзімде Көкпекті аудандық сотымен 85 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде 18 қылмыстық іс, 38 азаматтық іс, 29 әкімшілік іс, ол жалпы сотпен қаралған 548 істің 15,5% құрайды. Көкпекті аумағына қарайтын барлық ауылдық округтерде сот төрағасымен ауылдың белсенділерінің, тұрғын-дарының қатысуымен медиация Заңын насихаттау бойынша дөңгелек үстел, халықпен кездесу іс-шаралары өткізілген. Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда, сотқа түскен азаматтық тәр-тібінде қаралатын 269 арыз аталған сервис арқылы түскен, ол 100% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде.
Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс, бейне жазбасын қолданылуымен өтетінін, жеке және заңды тұлғалара арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетінін, ол үшін сот кеңсесінде анкетаға арналған жәшік орнатылған, - деді Әділ Бақытбекұлы.
Қорытынды сөзінде, сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы бұқаралық ақпарат құралдар-ымен тұрақты негізде жұмыс жасалатынын атап өтіп, 2017 жылдың 9 айында аудан-дық бұқаралық ақпарат құралдарында 44 мақала, 8 хабарландыру, облыстық соттың сайтында 102, аудан әкімінің сайтында 95 пресс-релиз жарияланғанын, семинар сабақтары, лекция және дөңгелек үстел сияқты шаралар сотта, мекемелерде үнемі өткізілетіндігі туралы айтылды. Судьялар мен сот мамандарына қатысты бұқарлық ақпарат құралдарында қандай да бір келеңсіз жарияланымдар орын алмағанын көрсетті.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясында № 2 аудандық сотының төрағасы Н.О.Нұралинов Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігін атап өтті. Бұл қағидалар жай ғана мақсат емес, сот жүйесі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру құралы болып табылады. Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктері ретінде соттар қызметінің ашықтығын атап өтуге болады. Бұл – құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Сотта 9 ай ішінде 32 қылмыстық іс, 229 азаматтық іс, 209 әкімшілік іс қаралды. Аталған мерзімде 49 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылған, оның ішінде 11 қылмыстық іс, 16 азаматтық іс, 22 әкімшілік іс қысқартылғанын айтты.
Атап айтқанда, сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 229 арыз аталған сервис арқылы түскен, ол 100% құрайды. Ол үшін сот кеңсесінде анкетаға арналған жәшік орнатылған. Сотта бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты түрде жұмыс атқарылып келеді. Атап айтқанда 2017 жылдың 9 айында республикалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 56 мақала жарияланған.
Н.Нұралинов баспасөз-мәслихатының соңында келешекте сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігінің кепілдігін ны-ғайтуға және сот билігінің имиджін аттыруға Елбасының қойған тапсырмаларын орындау үшін барлық шаралар қолданылатынын тілге тиек етті.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз