Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сыбайлас жемқорлық еліміздің алға басуына кедергі келтіреді және біздің қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан осы қатерлерді болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы күн сайын күшейтілгенімен, жегі құртқа айналған жемқорлықтан бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің саны азаятын емес. Сыбайлас жемқорлықпен алдын ала күресудің маңызды бағыттарының бірі, сөзсіз, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайластық мәміле жасауына тосқауыл болатын заңдар шығару.

Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуына немесе өз әрекеті үшін сыйақы алуына қойылатын тыйым-норма ғана емес, олардың өз бетімен әрекет етуіне немесе біреулердің мүдделерін қорғауына «саңылау» қалдырмау керектігі сөз болып отыр.
Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдары деуге болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің қиындығы сонда, бұл қылмыста жасырындықпен қатар өзара келісушілік сипат бар. Ешкім бірінің үстінен бірі шағымданбайды. Пара талап еткеннің өзінде шағымдана қоймайды, себебі сыбайлас жемқорлықпен күреске сенім аз.
Жемқорлықпен күресте тек құқық органдарының күші жеткіліксіз, ең алдымен бұны қарапайым халық қолдауы қажет. Жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарды байқасымен әр азамат құқық органдарына хабарлап жатса, мұндай келеңсіздіктер тыйылар еді. Жемқорлықпен күрес мемлекеттік маңыз алып отырған бүгінгі таңда оны тек құқық қорғаушылардың мойынына артып қоймай, барша халық болып түгел осы кесапаттың жолын кесуге жұмылса, сонда ғана іс нәтижелі болады деп ойлаймын.


Р.Суйеукенов,
Көкпекті № 2 аудандық сотының
сот приставы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз