Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халқымыздың Тәуелсіздік алып, егемен ел болғанға дейінгі талай тарихи бел-белестерден, күрес пен арпалысқа толы жолдармен жүріп өткені белгілі. Осынау ұзақ та бейнетті жолда ата бабаларымыздың көксегені бір-ақ нәрсе еді. Ол - ешкімге басыбайлы болмай, еркін ғұмыр кешу, азат, тәуелсіз ел болып өмір сүру арманы болатын. Қазақ халқының осы арман-мұратқа ХХ ғасырдың 90 жылдарында ғана қолы жетті. Ендеше өткен ғасырдың 90 жылдарынан бергі өткен уақыт қазақ мемлекеті мен мемлекеттігінің нығаюындағы ерекше кезең, айырықша уақыт. Олай дейтініміз, соңғы жиырма жыл ішіндегі саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани өміріміздегі жаңалықтар мен жетістіктер біздің өз қалауымызбен жоспарланды, өз қалауымызбен жүзеге асты. Бодан ел болып бұқпантайлап, өзгенің дегенін орындай беретін кезеңнен өттік. Ендігі қимылымыз Тәуелсіз ел таңдауымен болып жатты.


Заң тура және мықты болса, мемлекет дамуының тізгіні де бекем қолда болады. Заңы әлжуаз елдің тірелер жері – тығырық. Ондай заңға өз халқы да, байланыс жасамақ болған өзге елдер де сенбейді. Ел сенбеген мемлекет жалпыадамзаттық дамудан тысқарылап қалады, оңашалана береді. Мұндай оқшауланудың ақыры немен тынары белгілі.
Бас-аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанның осыншама жетістікке жетуінің сыры неде? Ата Заң қуатында. Ата Заң мемлекеттің басты құқықтық құжаты. Кез келген қабылданған заңдар осы Ата Заңның негізгі ұстанымына арқа тіреп тұрады. Ата Заң – алтын тірегің дейтініміз осыдан.
Қазақстан аз уақыттың ішінде саяси, экономикалық, әлеуметтік жаңалықтар мен реформалардың алаңына айналды. ХХІ ғасырдың ғажайып жобаларын талқылайтын, адам баласының Ертеңінің өзекті мәселелерін сөз ететін, әлемдегі түйткілді жайттардың түйінін шешетін келелі кеңестердің біразы Қазақстан төрінде өтті. Шанхай серіктестігі ұйымының, Еуроодақтың, Еуропа ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі ұйымының, әлемдік дәстүрлі-тарихи діндер өкілдерінің мәртебелі басқосуларының өтуі Қазақстанның әлемдік саясаттың мінбері болғанын айқындай түсті. Мұның бәрі Заңы мықты, Заңы берік мемлекеттің қолынан келетіні түсінікті. Біздің Конституциямыз осындай мүмкіндіктерге қол жеткізді.

Н.Жәнібекова,
Көкпекті аудандық сотының судьясы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз