Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі, соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды - бұл қағидалар Ата Заңымызда жазылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында меншік құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы беріледі делінген.
Меншікке қол сұғу заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық коде-кстің 6-тарауында он сегіз түрлі меншікке қарсы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық көзделген. 2014 жылдың 03 шілдеде қабылданған жаңа Қылмыстық кодекс бұрын әкімшілік жауаптылыққа әкелетін ұсақ-түйек жымқыруды, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салуды, қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жатқызды.


Меншік құқығын қорғау барлық құқық салаларымен көзделген. Конституция меншік құқығын қорғаудың жалпы қағидаларын бекітсе, қылмыстық құқық біреудің мүлкін заңсыз иеленуіне жауаптылық белгілейді.
Азаматтық заңнамалар жеке меншіктегі мүлікті пайдалану тәртібін, оны заңсыз пайдаланудағы құқықтық салдарын, қол сұғылған меншікті қайтару мен өндіру тәртібін, меншікке қол сұғушылықтан қорғалу жағдайларын реттейді. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде ерлі-зайыптылар мен балаларының меншік қатынастары мен оларды қорғау мәселелері қарастырылған.
Көп жағдайда меншік құқықтары бұзылған азаматтар бұл мәселені шешуде сотқа сүйенеді. Бұл санатта сотта көптеген түрлі істер қаралады, оның ішінде - тұрғын үйге меншік құықыған тану, сатып алу-сату мәмілесін жарамсыз деп тану, өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану, ортақ мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу, меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау, тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару, жекешелендіру барысында туындайтын дау-лар және тағы басқалар.
Жиі кездесетін жайт - азаматтар жылжымайтын мүлкіне құжаттарын толық рәсімдемей, салғырттық танытып, кейін меншік құқығын тану үшін сотқа жүгінеді. Мысалы, азаматтар Жергілікті билік органдарының жер телімін, үйді, саяжайды және т.б иелікке беру жөніндегі шешімдерін алып, оны одан әрі рәсімдемей қағаз жүзінде қалдырады да, көп жыл өткен соң меншік құқығын тану жөнінде сотқа арызданады.
Осы тұрғыда меншік құқығын қорғаудың бірден бір тиімді тәсілі– мемлекеттің мүлікті жария ету науқанын өткізу деп ойламын. Осы форматта барлық тілек білдіргендер өзінің мүлкін, соның ішінде бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны да заңды жүзінде жария етуге мүмкіндік алады. Бұл - мемлекет тарапынан азаматтарға меншік құқығын рәсімдеудеүлкен көмегі, меншік құқығын қорғаудың бір жолы.

А.Амреева, Көкпекті ауданының
№2 аудандық сотының судьясы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз