Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттің өкілі ретінде мемлекеттік қызметші басқа заңдармен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын мүлтіксіз орындауы қажет. Бұл ретте мемлекеттік қызметтегі кез-келген лауазым сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтармен қатар тұруы мүмкін емес.
Осы мақсаттарға жету үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Рес-публикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес жаңа институт - әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді, олардың арнайы Ережесі бекітілді.


Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі. Уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші. Осыған сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдерге сыбайлас жемқорлықпен күресте, оның алдын алуда, мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда үлкен мақсаттар қойылған. Сонымен қатар, уәкілдердің алдына мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ету, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшыларының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бо-йынша жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүделері бұзылған жағдайда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану мақсаттары қойылған. Қазіргі кезде облысымызда барлық қала, аудан әкімдері аппараттарында, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын басқармаларда әдеп жөніндегі уәкілдер тағайындалған.
Уәкілдердің арасында аудан әкімдерінің орынбасарлары, аппарат басшылары, қатардағы жұмыс тәжірибесімен қатар өмірлік тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер бар. Аталған тұлғаларға әрдайым ұжымда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының, әдеп кодексінің талаптарының бұзылуы фактілері бойынша, оның алдын алу туралы ұсыныспен жүгінуге болады.
Әдеп Кодексі - халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым- қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық, соның ішінде сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған.

А.Тайсарин, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бо-йынша департаментінің бас маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз