Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесі үнемі даму үстінде. Судьялар Съезі - өзіндік бағыт-бағдары айқын, ұстанымы бекіген жиынға айналып үлгерді. Төрт жыл сайын өткізілетін алқалы басқосуда сот жүйесінің өткені мен бүгінгісі сарапқа салынып, алдағы күнге мақсаттар қойылады.
Өткен 6 судьялар съезінде Мемлекет басшысының билер алдында бес бірдей міндет қойып, басты бағыттарды айқындап бергені баршамызға мәлім. Осы уақыт аралығында сот саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылды, талаптар күшейтіліп, міндеттер арттырылды. Осының нәтижесінде Бүкіләлемдік экономикалық форумда бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексі рейтингісінде «Соттардың тәуелсіздігі» өлшемі бойынша ұлттық сот жүйесінің көрсеткіші біршама жақсарды, бірқатар заңдар дүниеге келді, істі тиімді шешудің тетіктері жасалды.


Мемлекет басшысы құқықтық саясаттың маңызды мәселелерінің бірі Конституцияда қарастырылғандай, азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру екенін ерекше атап өткен болатын. Қазіргі уақытта қазақстандық судьялар Елбасымыз қойған мақсаттарды іске асыру үшін белсенді жұмыс істеуде, Жоғарғы Сот Төрағасы бекіткен іс-шаралар уақытылы орындалып отыр. Күні кеше енгізілген тергеу судьясы институты да біршама қалыптасып, тәжірибеге енді. Қылмыстық заңды одан әрі ізгілендіру бағытында атқарылған шаруалар да аз емес. Бұл да сот жүйесіндегі аса бір тиімді реформалардың бірі болды.
Дауларды соттан тыс реттеуге де баса назар аударылып, елімізде татуласу процесі - медиация институты құрылды. Себебі, маңызы жоқ дау-дамайды сотқа жеткізбей шешу екі тарапқа да қолайлы, олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Бұл жаңалық халыққа ұнап, өзінің орнын тауып отыр.
Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанциялары оңтайландырылды. Атап айтқанда, бес сатылы сот жүйсінен үш сатылы сот жүйесіне көштік.
Алдағы уақытта өтетін 7 кезектен тыс Судьялар Съезінде Елбасы өткен жылдарда атқарылған іс-шаралардың қорытындысын шығарып қана қоймай, дамудың келесі кезеңіне жоспар құрып, мақсатымызды айқындап берері анық. Бұл Съезде Конституциямен заңдарды мүлтіксіз орындау, адалдық, қиянатқа жол бермеу, әділдік, халық алдында талассыз бедел, қызмет орында және тұрмыста адамгершілік пен мораль нормаларын, мінез-құлықтың ережелерін көздейтін судьялардың жаңа Этикалық кодексы қабылданбақ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазақта «Билік айту оңай, біліп айту қиын» деген сөз бар. Әділ қазылық ету кез келген судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз. Ең бастысы, би адал, әділ болуы керек. Ол қара қылды қақ жарған әділ болса даугерлер төреліктің дұрыстығына күмән келтірмейді. Осы қағиданы естен шығармайық.
Н.Жаныбекова, Көкпекті аудандық сотының судьясы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз