Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Көкпекті аудандық сотының ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар мен медиаторлардың қатысқан Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы қабылданған «Медиация туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Аудандық сотының судьясы Нұргүл Жаныбекова төрағалық жасаған іс-шараға бірқатар құқыққоқорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ауылдық округ әкімі, бөлім басшылары мен БАҚ-тың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде Көкпекті аудандық сотының судьясы Н.Жаныбекова «Қазақстан Республикасының Медиация Заңы туралы» қысқаша баяндап өтті:
«Медиация өзінің мағынасында қарай бір немесе бірнеше жақтың құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды үшінші жақтың қатысуымен келісім іздеу болып табылады. Медиация де-геніміз - нақты мақсатқа жету үшін жақтардың ерікті сайлауы негізінде соттан тыс дауларды реттейтін амал-тәсіл» - деді.


Ал, Көкпекті аудандық заң бөлімінің бас маманы Б.Әділханов: «Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды», - деп өз ойын ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында Көкпекті ауылдық округінің медиаторы Алтынғазы Оразаев: ««Медиация туралы заңды жүзеге асыруда өзара ынтымақтасып жұмыс жасау қажеттігін алға тартып, осы істердің барлығы медиатор арқылы өз шешімін табады»,- деді.
Сонымен қатар, медиаторлар туралы олар-дың жеке және заңды тұлғалар қатысатын аза-маттық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу аясына жататыны туралы да дөңгелек үстел барысында тілге тиек етілді.
Қылмыстық істер мен азаматтық қатынастардан туындайтын дауларға медиацияны қолдану ке-зінде туындаған сұрақтарына аудандық сот тарапынан толыққанды жауап берілді.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған соттың судьясы Н.Жаныбекова отырыста талқыланған мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс атқаруды және оны жандандыра түсуді ұсынып қаты-сушыларға алғысын айтты.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз