Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың, 26 маусым күні «Медиация туралы» заңының талаптарын халыққа түсіндіру, оларды қолданысқа белсенді түрде енгізіп, жүзеге асыруды мақсат еткен дөңгелек үстел Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтті.
Дөңгелек үстелді Көкпекті аудандық соты Нүргүл Жаныбекова жүргізді. Аталмыш іс-шараға Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қабдолданов және жетекші мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге аудандық соты Нүргүл Берікқанқызы өзінің баяндамасында «Медиация туралы» заңның талаптарына кеңінен тоқталып, заңды дұрыс қолдану, оны нақты түрде жүзеге асыру мәселелері бойынша өз ойлары мен пікірлерін көпшіліктің ортасына салды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушыларға заңды насихаттау мақсатында аудандық сотта медиацияны қолданылу тәсілдері түсіндірілді.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз