Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жерлесіміз Серік Тлебалдин жаһандық жарыста ел қоржынына күміс медаль салды. Еліміздің Орал қаласында самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты өткізілді. 7-10 қыркүйек аралығында өткен байрақты бәсекеге әлемнің 18 елінен 500-ден астам спортшы қатысты.

 

Кезінде халықаралық деңгейде белдесіп, өз елдерінің намысын қорғаған шеберлер қазір де спортты серік етіп, жастарға үлгі болып жүр. Ардагер спортшылар жас ерекшелігіне қарай 7 дивизионға бөлінген. Барлығы 6 салмақ санаты бойынша боз кілемде белдесті. Жасы ұлғайса да, саламатты өмір салтын серік еткен ардагер спортшы, жерлесіміз Серік Тлебалдинның жеңіске құштарлығы, спортқа адалдығы өскелең ұрпаққа өнеге.
- Жарысқа кілең мықтылар қатысты. Оңай қарсылас болған жоқ. Дегенмен елімізде өтіп жатқан жарыста намысты қолдан бермеуге барымызды салдық. Осы уақытқа дейін жинаған тәжірибем мен жақсы дайындықтың арқасында күміс жүлдеге қол жеткіздім. Алайда финалдық белдесуде 1 ұпаймен ғана Ресей Федерациясынан келген қарсыласыма есе жібергенім өкінішті. Жеңісімді Көкпекті ауданында спортпен шұғылданып жүрген жастарға, болашақ чемпиондарға арнаймын, - дейді Серік Асырандыұлы.
Байрақты бәсекеде еліміздің көк туын желбіреткен ардагер спортшыны аудан халқы зор құрметпен қарсы алды. Спорт ардагерлері бастаған бір топ жанкүйерлер Серік ағаны Жаңғызтөбе станциясынан тосып алды. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев бастаған зиялы қауым өкілдері, жаттықтырушылар, спортшылар, жас балуандар қозыкөш жерден чемпионның алдынан шығып, құрмет көрсетті.
Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің алдында Әлем чемпионатының жүлдегеріне құрмет көрсету шарасы ұйымдастырылды. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы құттықтау сөз сөйлеп, бағалы сыйлық табыстады. Серік Асырандыұлы "Толағай табыстары" медалімен марапатталды. "Жерлестерінің құрметіне бөленген Серік ағамыз толқыныстан еріксіз көзіне жас алып, ризашылығын білдірді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз