Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

24-26 қазан аралығында ШҚО орталығы Өскемен қаласында  кадеттер мен юниорлар арасында шалт қимылмен қарсыласын шаң қаптыратын шығыс жекпе жегінен облыс чемпионаты өтті. 1990—1995 жылдарда тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек еткен таэквондодан қара белбеудің 6 дан иегері, Қазақстан таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің есімімен тығыз байланысты спорттың бұл түрі елімізде қанатын кеңге жаюда.

Таэквон-До, ушу, каратэ тамырын жүздеген ғасырлардан тартып жатқан ең көне жекпе-жектер саналады. Кореяда, Қытайда, Жапонияда пайда болған бұл шығыс шайқастары бүгінгі таңда осы халықтардың ұлттық мәдениетін бейнелейді. Аталған елдерде бұлар спорт түрлерінен гөрі адамның рухани тұлғасын қалыптастыратын күш-қуат, әдіс-айла амалдары болып табылады. Адам рухани жағынан мықты болуы үшін оған күшті, шыдамды, шапшаң, икемді және ептілікті дамыту жаттығулары жасалып, денесі шынықтырылады.

Ауданымызда жасөспірімдерді шығыс жекпе жегіне баулуда мәслихат депутаты, таэквон-до спортынан қара белбеу иегері, 2-ші Дан дәрежесі бар, аталмыш спорттың жаттықтырушысы Бахыт Ғазизұлы Рахимовтың бұл істегі еңбегі ұшан-теңіз. Облыстық чемпионаттан қоржынын қомдап қайтқан жаттықтырушы Б.Ғазизұлы қуанышымен бөлісті.

-Тартысты өткен жарыста көкпектілік спортшылар жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын көрсете білді. Атап айтсам, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептен Назер ке Болатжанова 44 кг салмақта I-орын (юниор), Мөлдір Өмірбекова I-орын (кадет), спортшыларымыз қарсылас шақ келтірмей бірінші орындардан көрінсе, 47 кг салмақтағы (юниор) Самал Ғазизова, 63 кг салмақта (юниор) Әділжан Ақышев, 53 кг салмақ дәрежесінде (юниор) Шыңғысхан Серікбай сынды спортшылар жүлделі екінші орындарға табан тіреді.

Жүлделі орынға қол жеткізгендер ШҚО құрама командасының құрамына кірді. Енді олар қараша айының аяғында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысып, бақ сынайтын болады, - дейді спорт шебері өз әңгімесінде.

Бір айта кетерлігі, тәуелсіздік алғалы бері шығыс жекпе жегінің бұл түрі Қазақстанда, әсіресе жетіншектердің арасында кеңінен орын алып келе жатқаны қуантады. Оның ішінде Көкпекті ауданы спортшыларының жеткен жетістіктері де шаш етектен. Аудандағы шығыс жекпе жегін дамытуға бар күшін салып, осы уақытқа дейін қаншама шәкірт тәрбиелеп, спорт қоржынын алтын, күміс және қола медальдарға толтыруда қомақты үлес қосып жүрген спортқа жаны құмар азамат Бақыт Ғазизұлына талантты шәкірттеріңіз көп болсын, табыстардың биігінен көріне беріңіз дегіміз келеді.

Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз