Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалы кішкентай бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтады. Осығай орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 55-ке жуық бала қатысты.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жыл сайынғы дәстүрінен жаңылмай жаңа жыл қарсаңында Көкпекті ауылының кішкентай тұрғындарына сый жасады. «Бақытты балалық шақ» партия жобасы аясында өткізілген шырша мерекесінде нұротандықтар бүлдіршіндерді құттықтап, сый-сияпаттарын тарту етті.


Шарада бүлдіршіндер түрлі ертегі кейіпкерлерімен ойын ойнап, жүргізушілердің түрлі сауалдарына жауап беруге тырысқандар да сыйлықтан құр қалмады. Шырша мерекесіне арнайы келген Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев мерекелік ізгі тілектерін арнады.
Бұл күні Аяз ата мен Ақшақар да балалардың көңілдерін көтеріп, қызықты ойындарымен сергітті. Шараға қатысқан барлық балаға түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз