Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам өз ағзасының саулығына көңіл бөле қарау қажет екені белгілі. Әр адамның бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оған ынталандыру, дене тәрбиесімен айналысу, зиянды әрекеттерден жат ағымдардың ықпалына еріп кетудің алдын алу – бүгінгі күннің басты мәселесі. «Дені саудың – жаны сау» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. Елдің келешегі жарқын болу үшін денсаулығы мықты ұлт қалыптастырудың маңызы зор. Осыған орай, денсаулық және спорт фестивалін бүкіл елімізде жаппай бір күнде өткізу жыл сайын дәстүрге айналуда.

Көкпекті ауылындағы орталық алаңда 6 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі - 2014» атты акция аясында мекемелер мен кәсіпорындар, мектеп оқушылары арасында дене шынықтыру мұғалімдерінің нұсқауымен жаттығу жасалды. Қ.Раев атындағы балалар үйінің ұжымы, қорғаныс бөлімі, өрт сөндіру ұйымы, мектеп ұжымы және оқушылар Президенттік миля бойынша жүгіруден өткен жарысқа белсенді қатысқан мекемелер. Атап айтсақ, балалар үйінің тәрбиешілері Қ.Тыныбаев пен Г.Жұманова, оқу ісінің меңгерушісі Х.Құсайынов, қорғаныс бөлімінен Д.Нұрекенов пен Рысбек ???сынды азаматтар жүгіруден алдарына жан салмады. Жүгіріс сайысынан соң спорттық іс-шара, кіші футбол, қол күрес, гір көтеруден жарыстар өткізілді. Жарыс жеңімпаздары спорт бөлімінің арнайы тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

С.Теміржанов, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз