Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні, Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандық Жайдарман лигасының жартылай финалдық     ойындары өтті. Ойынға 6 команда қатысып өнерлерін көрсетті.

Замандастарының өнерін тамашалауға асыққан жастар мәдениет үйіне жиналыпты. Көрерменге лық толған ғимаратқа Тассай, Көкжота, Шұғылбай, Самар ауылдық округтің құрама командаларымен Көкпекті ауылының «Серілер» және «Көжектер» командасынан ат терлетіп келген әзілқой өрендер жиналып, финалға жолдама алу үшін өнер көрсетті. Тарихи мекен Көкпекті жерінде өткен Жайдарман ойынының негізгі мақсаты биылғы «Жастар жылын» жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.


Қазіргі таңда, барлығымыз сүйсініп тамашалайтын жайдарман қарқынды дамып келе жатқан жастар қозғалысына айналды. «Жайдарман» қазақ тілінің жанашыры, сонымен бірге ұлттық құндылықтардың жаршысы болып қалыптасып келеді. Жайдарманның жарқын сахнасында ерекше ойын көрсеткен барша командалар көпшілікті күлкіге бөлеп, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. Әр команда өзіндік ойын ерекшеліктерімен көрінді, әрбір әзілдерінде қоғамдағы белең алып жүрген мәселелер мен келеңсіздіктерді және саяси ахуалдың сарсаңын әрине, әзілмен жеткізседе, көкпектілік көрермендердің көңілінен шыға білді. Төрешілер алқасында Көк-пекті ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азат Рахимбаев, аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Дархан Дюсембаев, мәдениет үйінің жезтаңдай әншісі Динара Бақытжанқызы, ақын Манарбек Бекішов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Талғат Қасайынов болды. Сайыстың қорытындысы бойынша
Финалдық ойынға Шұғылбай, Тассай, Көкжота құрама командалары және «Серілер» мен «Көжектер» командасы жолдама алды.
«Жайдарман» атымен әзіл әлеміне саяхат жасататын жастардың ойыны қоғамның қай тобын да болмасын өзіне баурап келеді. Қоғамдағы осал дүниені де, қылт еткен қуанышты да, бір сөзбен айтқанда болып жатқан оқиғалар мен өзге де дүниелерді әзілге сыйдырып тобықтай сөзден түйедей ой түюге шақыратын балғын буынның қадамдары сәтсіз де емес. Жайдарманда өнерімен танылып жүрген жалынды да жігерлі жастар ауданымыздан табылып жатқаны да бізге қуаныш. Талай мәрте олар ауданның ішкі сыртқы мәселелерін жастық шақ жырларынан, басқа да қызықты жайттарды сахнаға алып шыққан өрендердің өнерлеріне «бәрекелді» дегім келеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз