Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық І жазғы Спартакиадасында спорттық жарыстардың барлық түрі бойынша жалпы есепте ІІІ орын алған Үлгілімалшы ауылдық округінің командасы Самар ауылында спорт күніне орай  өткен дәстүрлі спартакиадада жүлделі ІІ орынды иеленіп, ауданда үлгілімалшылық спортшылар мықты екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спорттың барлық түрлерінен қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Мамай ауылының жастарынан құралған футбол командасы І орын, үлгілімалшылық волейболдан қыздар командасы ІІ орын, волейбол ұлдар командасы ІІІ орынды иеленсе, жекелей көрсеткіштер бойынша қазақша күрестен, гір көтеруден, теннистен, жеңіл атлетикадан 100 м-ге жүгіру, гранат лақтыру, шахмат, дойбыдан жүлделі нәтижелер көрсеткен спортшыларымызбен мақтанамыз. Үлгілімалшылық ардагер спортшы Мұхамедқали Ақбұзауов, Мамай ауылының футбол командасының капитаны Еркебұлан Мәкешев округтің волейбол командасының ойыншысы Ерсін Ботабаев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ауылдан шыққан түлектердің бірі волейболдан спорт ардагерлерінің ізін басқан Олжас Айжақсин ауылының патриот ұлы екендігін дәлелдеп, спартакиадаға арнайы келіп қатысты. Спортшылардың жарысқа қатысуына демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтарына, кәсіпкерлерге рахмет айтамыз. Спортшылардың іріктеу ойындарына, Самар ауылындағы ақтық ойынға баруына көлікпен тасымалдап демеуші болған Қайрат Солтанғазин, Дидар Ғаниев, Сағат Мұсаев, Серік Омаров, Ержан Елубаев және тағы басқа азаматтарға алғыс білдіреміз. Салауатты өмір салтын ұстанған үлгілімалшылықтарға әрқашан жеңіс тілейміз.

М.Мырзабекова, Үлгілімалшы ауылы 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз