Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

16 ақпанда Толағай ауылында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және интернационалист-жауынгер Марат Бейсембаевты еске алуға арналған Көкпекті ауданының негізгі мектептері арасында шаңғы жарысы өтті.
Қараөткел, Палатцы, Шәріптоғай, Романов, В.Маяковский атындағы мектептің оқушылары және жарысты ұйым-дастырушы мектеп өздерінің спорттық дайындықтарын көрсетті. Ауған соғысының ардагерлері Ерлан Жұмажанұлы Жұмажанов пен Ахат Әділбекұлы Терлікпаев, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сәбит Темірханов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Талғат Қасаинов спорттық шараның құрметті қонақтары болды. Шаңғы жарысы басталмас бұрын акт залында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жылдығына арналған іс-шара өтті. Шара мектеп директоры Гүлфия Тоқтасынованың кіріспе сөзінен басталды. Оқушылардың орындауында соғыс жылдарындағы патриоттық өлеңдер мен әндер көрермендерді бей-жай қалдырмады. Осы салтанатты жағдайда ардагерлерге құрмет көрсетіліп, Ауған соғысында қаза тапқан сарбаздарды еске алды.


Бұдан әрі қатысушылар шаңғы тебуге дайындалуға аттанды. Шаңғы спортымен айналысу, әрине, жүрек-қантамыр жүйесінің төзімділігін арттыру және дененің түрлі бұлшық ет топтарын нығайту ғана емес, сонымен қатар таза ауадағы дене белсенділігі есебінен денсаулық пен иммунитетті кешенді жақсарту үшін тамаша әдіс болып табылады. Шаңғымен серуендеуде барлық дене мүшелері жұмыс істейді: қол-аяқ, тыныс алу органдары, жүрек-қантамыр жүйесі, әсіресе иық, аяқ және іш бұлшықеттері жақсы дамиды. Сондықтан шаңғымен сырғанау, әсіресе өсіп келе жатқан дене үшін пайдалы.
Жүгіру жарысы жас ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөліп өткізілді. 2003-2005 жылы туылған қыздар бір жарым шақырым қашықтыққа жүгірді. Бұл жарыста І орынға Т.Нұрсалимова (Куйбышев атындағы НМ), ІІ орынға А. Акчабарова (Куйбышев атындағы НМ), ІІІ орынға Е.Фромиллер (Палатцы НМ) ие болды. Осы жастағы жасөспірімдер екі километрлік жолды бағындырды. Жеңімпаз болып Н.Терлікпаев (Куйбышев атындағы НМ.), ізінше мәреге Р. Ақпаев (Куйбышев атындағы НМ) иеленсе, үздік үштікті Т.Базарбаев (Палатцы НМ) аяқтады. 2006-2009 жылғы туылған қыз балалар километрлік қашықтыққа жарысты. Жүлделі І орынды Ұ.Амангелді жеңіп алды. ІІ орынды Д.Базарбаева (Палатцы НМ), ал ІІІ орынды З.Терлікпаева (Куйбышев атындағы НМ) иеленді. Сондай-ақ, олардың құрдастары 1,5 километрге жүгіруге шықты. Бірінші нәтижені С.Досмұхаметов көрсетті. ІІ орынды Е.Еркімбек (В.Маяковский атындағы НМ) иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Б.Шәкер (Куйбышев атындағы НМ) иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтамалармен марапатталды.
Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша Куйбышев атындағы негізгі мектеп командасы көшбасшы болды, ІІ орынды Шәріптоғай негізгі мектебі, ІІІ орынды Романов негізгі мектебі иеленді. Іс-шара соңында Ахат Әділбекұлы мен Ержан Жұмажанұлы мектептің педагогикалық ұжымына осы іс-шараны ойдағыдай ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Виктория ГАРМАШОВА 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз