Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 13 ақпанда Көкпекті ауылындағы №1 БЖСМ Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында дзюдодан аудандық ашық турнир өткізді.

Оған 8 командадан 130 дзюдошы қатысты: №1 БЖСМ - 50 бала, Көкжайық - 13 бала, Үлкенбөкен - 20 бала, Тассай - 14, Биғаш - 13, Шұғылбай - 9 бала, Көкжота - 14, Амангелді - 3.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов, ауған соғысының ардагері Е. Жұмажанов сөз сөйледі. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Кәрібаев Ауған соғысының ардагерлеріне Алғыс хат табыс етті, ал ата-аналар комитеті оларға гүл шоқтарын сыйлады. № 1 БЖСМ бас төреші – жаттықтырушысы Ө.Төлеубеков турнир қатысушыларын, сонымен қатар, жарыс бағдарламасын таныстырды. Ата-аналар жарыс кезінде спортшылардың тамақтануын қамтамасыз етті.


Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық І орын №1 БЖСМ (жаттықтырушы О. Төлеубеков). Олардың ішінде бірінші орын 10 спортшы, екінші орын алған 9 оқушы және 8 үшінші орын иегері бар. Жас ерекшеліктері бойынша бірінші болып Даукенов Әрсен, Мұрат Төлегелді, Ордаханова Далия, Егеспекова Томирис, Сайлаубеков Медет, Тлеуханұлы Әлижан, Таңыспаев Алдияр, Құмар Туран, Төлеуханов Шыңғыс, Айдарұлы Нұрислам атанды.
ІІ орын иегерлері: Азанбаев Дарын, Құралбеков Руфат, Смағұлов Дарын, Мұрат Ильяс, Кәрімғалиев Қанат, Мырзабек Дастан, Ешмұхаметов Бекжан, Аубакиров Мади, Медетұлы Мержан.
ІІІ орынды Мұрат Алмас, Тоқанов Ролан, Болатбекова Мөлдір, Салимов Санжар, Каблахатов Дәулет, Кабдрешев Санжар, Серіков Нұрәлі, Тұрлыбаев Дархан алды.
Жалпы командалық ІІорынды Үлкенбөкен ауылының құрамасы, жаттықтырушы – Д.Данабеков иеленді. ІІІ орында Тассай ауылының командасы, жаттықтырушы - А.Ізгутдинов болды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жаттықтырушылар алғыс хаттармен марапаталды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз