Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымыздың спортшылары қай жарыстан да жүлдесіз қайтпаған. Жыл сайын өткізілетін турнир биыл да жалғасын тауып, ағымдағы жылдың 25-27 қаңтар күндері аралығында Кеңес Одағының спорт шебері Тоғайбек Кірібаевтың жүлдесіне арналған Семей қаласында еркін күрестен ашық облыстық турнир болып өтті.
Бұл турнирге облыстың әр аудандарынан үміткерлер қатысса ауданымыздан барған 8 спортшының төртеуі жүлдемен оралып, жаттықтырушыларының үмітін ақтады.
Олар: ІІ орын Әлихан Байтуров, ІІІ орынды Бекзат Әкежанов, Әкежан Талғатов, Жарақтан Шаһ-Керім қанжығалап қайтты.
Жаттықтырушы Жандос Серікұлының өз шәкірттері болашақта биік белестерді бағындыратындықтарына сенімі мол.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз