Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шаңғы спорты - қысқы спорт түрлерінің негізгілерінің бірі. Олимпиада ойындарының, қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрі.
18 қаңтар күні аудандық дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы Ержан Серікұлы Кəрібаевтың ұйымдастыруымен, Теректі ауылында шаңғыдан аудан біріншілігі өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау жəне дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға ауданымыздың 17 округінен, өкінішке орай 4 ауылдық округі (Көкпекті, Теректі, Үлкенбөкен жəне Бастаушы) шаңғышылары ғана бұл жарысқа келді. Жастармен бірге спорт ардагерлері Қ.Тыныбаев, С.Тлебалдин, Р.Тоқсейітова, Б.Рас-трига Л.Дегтеренко жарыс жолына шығып алпыс жас деген, кəріліктің жасы емес екенін тағы бір дəлелдеді.


Орта буыннан Қ Мағзумов, Б Жадрин сияқты азаматтар шаңғы тебудің үздік техникасын көрсетті. Командалық есепте жарыс қорытындысы бойынша: Теректі ауылы - І орын. Үлкен Бөкен - ІІ орын. Көкпекті - ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру жəне спорт бөлімі тарапынан марапатталды. Айта кету керек, шаңғы жарысы ауданымызда алғаш бастамасын алды, осы қарқында жалғасын табады деген сенімдеміз. Спорт денсаулық кепілі демекші, осындай іс-шаралар жиі өткізіліп, барлығымыз ат салысып қатыссақ нұр үстіне, нұр болар еді.


Əнел Назарханова, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Журналистика мамандығының 2 курс студенті

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз