Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпектіде арда өнер – айтыстың тынысы кеңейіп келеді. Айтыстың ақтаңгері Қалихан Алтынбаев салған сара жолды жас буын абыроймен жалғап отыр. Өскеменде өткен облыстық айтыстағы көкпектілік ақындардың жоғарғы өнері бұл сөзімізге айғақ. Жылды қорытындылаған «Тәуелсіздік - жыр басы» айтысында Көкпекті ауданының атынан «Жүрсіннің жүйрігі» Фархат Маратұлы мен жыр өлкесіне жаңа қадам басқан Аян Қалымбек өнер көрсетті. Шығыстың таңдаулы айтыскерлері бақ сынаған аламанда Фархат ақын жүлделі екінші орынды жеңіп алды.


Өткен жылы облыста өткен жыр додаларында 3 бірдей жүлде алған Фархат ақын бұл жолы да ақтық сынға алқынбай шықты. Аузымен құс тістеген ақындардың өнеріне Серік Құсанбаев, Әлібек Қаңтарбай, Азамат Қасым, Түсіпхан Түсіпбеков сынды мүйізі қарағайдай қазылар алқасы баға берді. Көкпектілік қос ақынмен бірге жылдың қорытынды айтысында Дәурен Сембай, Ардабек Ақбаба, Манарбек Сатыбалды, Құралай Қамалиева, Қуандық Кенжебек және Жұлдызай Маратбековалар сөз қағыстырды. Бірінші айналымда қазылар алқасының шешімінен Көкпектінің екі ақыны өзара айтыс жасады. Аға мен іні айтысының әдемі үлгісін көрсете білген жерлестеріміздің өнеріне зал толы көрермен шын көңілден аянбай қол соққанын көрдік. Тіпті, Фархат ақынның айтыстағы кейбір ұтымты қайырымдары бірден әлеуметтік желілерде таралып жатты. Ақтық сында Өскеменнің жас үміті Жұлдызай Маратбековамен сөз қағыстырған Фархат ақынның өнерін қазылар алқасы лайықты бағалап, жерлесіміз айтыстың екінші жүлдесін олжалады. Ардабек Ақбаба бас жүлдесін жеңіп алған Өскемендегі айтыс туралы жазған мақаласында «Дидар» газетінің тілшісі Мұратхан Кенжеханұлы да Фархаттың бұл айтыстағы сөз саптауын тамаша бағалап, бабында жүрген жүйріктің өнерін тамсана жазады.
«Жүрсіннің жүйріктері» қатарынан танылып, республикалық жыр додаларында жүлде алған Фархат ақын бүгінде Көкпекті аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің қызметкері. Өнер мектебінің жанындағы ақындар сыныбында шәкірт тәрбиелеп, өлең өлкесіне жас буын әзірлеуде. Республикалық баспасөзге берген бір сұхбатында «Айтыстағы жұлдызды сәтім алда деп білем» деген екен ақынның өзі. Олай болса, Фархат ақынның жұлдызды сәті қасиетті Көкпекті топырағында жанады деп сенейік.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз