Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгін Көкпекті жұртшылығы Еуразия құрлығының қола медаль иегері, дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Өскен Төлеубековты қошемет құрметпен қарсы алды. Осылайша спорт шебері Голландия жерінде өзінің алыптар мен батырлардың ұрпағы екенін тағы бір дәлелдеді.
Жерлесіміз әлемдік сыннан жүлдемен оралды. Жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Голландияның Суест қаласында өткен Гран При турнирінде Көкпектілік Өскен Төлеубеков қола медальға қол жеткізді. Айта кетсек, жас спортшының алғашқы жаттықтырушысы Рүстем Нәдірбекұлы Ықыбаев деген азамат. Спорт шебері 2-сыныптан бастап спорт үйірмелеріне қатыса бастапты.


Голландия мемлекетінің Суест қаласында өткен қазақ күресіне Еуропаның бес, Азияның бес мықты командасын іріктеп, анықтау болды. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының атқарушы директоры, Халықаралық дәрежедегі төреші Талғат Мәзібаевтың бастауымен Голландия елінде Еуразия кугобы өтті. Жарыста әлемнің 10 мемлекетінен спортшылар бәсекеге түскен. Бұл белдесуде Өскен 70 келі салмақ дәрежесінде Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Грузия елдерінің балуандарымен күресті. Ал, Еуразия кубогының қола жүлдесі үшін сол елдің спортшысын жеңіп, үшінші орынды иеленді.
Еуразия құрлығының қола медаль иегеріне құрмет көрсету салтанатты жиынында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашевке сөз берілді.
- Құрметті жерлестер, спортшылар бүгін ауданымызда үлкен қуаныш. Өйткені, спорт шебері Өскен Өркенұлы Голландияда Еуразия кубогына қатысып, еліміздің намысын қорғап келді. Өскеннің жеңісімен аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы және ардагерлердің атынан құттықтаймын, - деп тілегін білдірді. Құттықтау тілектерін спорт ардагері Бекболат Рахимбаев, ата-аналар атынан Ербол Төлешов өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, шағын сыйлықтарын табыс етті.
Сондай-ақ, спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев қазақтың дәстүрімен шапан жауып, бағалы сыйлық сыйлады. Өскен әлемдік деңгейдегі жарысқа баруға демеушілік көмек көрсеткен ауданымыздың беделді азаматы Болат Миғражұлы Бекбердиновке, аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы Смаиловқа басқа да қолдау білдірген адамдарға өз алғысын білдіреді.
Алдағы уақытта Өскен Төлеубекұлы Ақсуат жерінде өтетін Ырғызбай Досханұлы атындағы Әлемдік гран-при турнирында бақ сынайды. Ел абыройын асқақтатқан жерлесіміздің мерейі үстем болсын дейміз!
Руфат Құралбеков, Дархан Тұрлыбаев Өскен Төлеубековтың шәкірттері:
- Біздің дзюдо секциясына қатысып жүргенімізге екі жыл болды. Жаттықтырушымыз Өскен Өркенұлы бізге өмірден өз орнымызды табуға, теріс жолдан аулақ болуға үйретеді. Бізде өскенде жаттықтырушымызға ұқсағымыз келеді. Өскен ағаны бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз