Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мүсінді ұстыны, адамды ісі –көріктендіреді.
Пифагор
Мұрат Төлебаев көкпектілік зиялылар Төлебаевтардың отбасында 1961 жылы дүниеге келді. ХХ-шы ғасырдың екінші жартысы ұлы отан соғысындағы жеңістен кейін еліміздің рухтанып, жасампаз істерге ынталан күш қосып жатқан кезі еді. Мектептер жаңа бағдарламамен білім жүйесін құрып, ғарышқа тұңғыш адам ұшырған мемлекеттің оқыту үрдісі жалпақ жаһанға үлгі болып жатқан кез болатын. Аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебінде дүниенің алтыдан бірін алып жатқан алып мемлекеттің түкпір-түкпіріне түлектерімен аян болатын. Мектеп бітірушілері Владивосток пен Калининградта, Алматы мен Ташкентте, Семей мен Санкт-Петербургте, Өскемен мен Мәскеуде, Қазанда жоғарғы оқу орындарында оқитын.


Мұрат мектеп табалдырығын аттағаннан бастап озат оқып, спортпен айналыса бастады. Әкесі оның музыкант болғанын қалап, балалар музыка мектебінің баян сыныбына береді. Спортқа ынтыққан өжет бала волейбол секциясынан да қалмай, баян мен допты қатар алып жүреді.
Көкпектілік талай жастың алтын ұясы –Alma mater орта мектебін бітіргенсін, қарулы күштер қатарында екі жылдық борышын абыроймен атқарып Новопокровкадағы техникумді бітіріп, туған ауылына оралады. Спортты сүйген елгезек жас еңбек жолын жаттықтырушы болудан бастайды. Тынбай еңбек ете жүріп Көкпекті аудандық спорт бөлімі басшысы деңгейіне дейін көтеріледі. Аудан спортын дамыту жолында спортқа ауыл жастарын тартуда ерекше белсенділік көрсетіп, Балалар спорт мектебінің қызметін кеңейтіп, ауылдарда филиалдарын ашады. Аудан аумағында қысқы спорт түрлері - шаңғы, хоккей, ойындық спорт түрінен – волейбол, ұлттық спорттан - күрес пен ат спорты ерекше дамиды. Мұрат Төлебаев өзінің өсу жолында аудандық білім бөлімінде ұзақ жылдар еңбек еткен Любовь Ивановна Белицкаяны, Көкпекті балалар спорт мектебін басқарған Евгений Васильевич Соловьевті, әріптестері– Болат Ғабдулхаһұлы Юсуповты, Қаршыға Имекенұлы Тыныбаевты аға достарындай қастерлейтін.
Жылдар бойғы жинаған тәжірибесін жинақтап жас ұрпаққа үйретуден танған емес. Бүгінгі күні оның ісін жалғастырар ізбасарлары өзінің балалары. Кенже ұлы Ілияс екеуі бір командада ойнаса, немерелері Әміржан, Бауыржан, Алан және Әйнел аяқдоп, жүзу, күрес секцияларына барады.
Семей қаласы волейбол ардагерлері командасының белсенді мүшесі ретінде талай халықаралық, республикалық турнирлерге де қатысып жүр. Қоғам қайраткері Дінмұханбет Қонаевтың, заманымыздың дүниеге мәшһүр жазушысы Олжас Сүлейменовтің турнирлеріне қатысып жүлделі орындарға ие болды. Спорт саңлағы көкпектілік Мұрат Төлебаевтың бар қызметі, үлгілі өмір жолы данышпан Пифагордың сөзімен айтқанда: «Мүсінді ұстыны, адамды ісі –көріктендіреді» деген нақылдың мағынасын толық кірігіп тұр.

Қайрат БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз