Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл ауданымыздағы «Жасыл ел» жасағына 35 квота бөлініп, онда 35 сарбаз еңбектенуде. Бағдарлама жастар үшін жазғы демалыс уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізуге зор мүмкіндік болып отыр.
«Жасыл ел» жасағының жұмысын ұйым-дастырушы Азамат Қалықовтың айтуынша, биыл Көкпекті ауылында 25, Самар ауылында 10 жас өрен аудан мен елді мекендерді көгалдандыру мен көркейту және абаттандыру жұмыстарының бел ортасынан көрінетін болады. Жасақ тобының құрамында студент, жұмыссыз және ата-анасының рұқсатымен алынған оқушы жастар бар. Әрине оның бәрі тегін емес, ақылы түрде жүргізіледі. Яғни «Жасыл ел» жасағының мүшелері айына 60 мың теңге көлемінде еңбекақы таба алады. Олар жазғы демалыстарын көңілді ғана өткізіп қоймай, отбасыларына қаржылай қолдау көрсетуге ниетті.


Мұндағы басты мақсаттың бірі жұмыссыз жүрген жастарды да еңбекпен қамту екенін ескерсек, «Жасыл ел» жасақтары арқалайтын жауапкершілік жүгі ауырлай түседі. Әлі мәселенің дәл осылайша қойылуы студенттердің жазғы демалыстарын тиімді әрі мәнді де мағыналы өткізуге жол ашады. Тағы бір айта кетерлік жайт, жазғы еңбек маусымының ауқымы барынша кең екендігі. Мұның өзі тал-теректерді күту мен көгалдандыру, елді мекендерді абаттандыру және құрылыс жұмыстары секілді бағыттардан тұрады. Бір сөзбен айтқанда, ауылдық округ әкімдігі берген жоспарды орындай отырып, ай соңында әжептәуір еңбекақы алады. Сондай-ақ «Жасыл ел» жанашырлары сапында болғысы келетіндердің саны жылдан-жылға өсіп келе жатқаны да көңілге қуаныш ұялатады - дейді жастар орталығының басшысы.
Жұмыс жүктемесі 8 сағатты құрайды. Олар облыстық штабтан арнайы формалармен қамтамасыз етілген. Жасақ мүшелерінің міндеті ауылдық округ әкімдігі тарапынан берілетін жос-парды орындау болып табылады.
«Жасыл ел» еңбек жасағымен осы уақыт аралығында 250 түп шырша, 700 ден аса гүл көшеттері отырғызылыпты. Белсенді жастар шамамен 15 нысанды қамтыған тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданды аббаттандыруға сүбелі үлес қосуда. Ауылдық округтерде құрылған жасақтар өз жұмысын маусымның бірінен бастады. «Жасыл ел» жасағының биылғы маусымы шілде айының соңында жабылады.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысымен танысу барысында, Көкпектілік Болат Күлекенов пен Айдын Донбаевтың орталық мешіттің алдындағы 70 шаршы метр аумаққа ақысыз кеспетас төсеу жұмыстарын көрдік. Олар туған ауылды көркейту үшін өздерінің бос уақыттарында Көкпекті ауылының көшелерінің көріктендірумен айналысады екен. Жас жігіттердің бұл бастамасы құптарлық.
Әділбек Қалиахперов жасақ жетекшісі:
- Жасыл ел жасағында 2 жыл қатарынан еңбек етіп келе жатырмын. Мұнда таза ауада дем аламыз, жаңа достармен танысамыз. Екінші жағынан қосымша қаражат табуға болады. Маған ұнайды. Уақытты пайдалы өткіземіз.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз