Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Астана күні – Тәуелсіз ел тарихындағы айтулы мереке. Сәні мен салтанаты келіскен бас шаһардың туған күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өңірлерде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай 5 шілде күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Сарыарқа төсінде ерекше сән-салтанатымен бой көтерген әсем қала-бар алаштың астанасына арналған салтанатты жиынның беташары «Толағай сазы» ұлт аспаптар ансамблінің орындауындағы «Серпер» күйімен ашылды. Мемлекеттік Әнұран шырқалды.


Елордамыз Астананың төл мерекесіне арналған салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз сөйлеген аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов:
- Баршаңызды Тәуелсіз қазақстанның бас қаласы Астананың 20 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі таңда елдің төрі – Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Ендігі жерде еңселі Елордамыз ұлан-ғайыр атырабын жер-жаһанға паш етіп, өркениет көшінен оза шауып алда жүруін тілейміз. Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын! Азат аспанында алтын қыран қалықтаған еліміздің болашағы баянды болғай, - деп барша жерлестеріне жүрекжарды лебізін білдірді.
Астана күнінің 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медалі «Серік» ШҚ басшысы А.Қажығалиев пен ардагер ұстаз М.Гусейноваға табысталды. Мерекелік шара барысында аудан әкімінің мадақтамасымен ауданның өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар сала үздіктері орталық аурухананың рентгенолог дәрігері Б.Бүлкенов, №29 жол жөндеу учаскесінің жұмысшысы Н.Тыныбаев, «Елім-ай» ШҚ механизаторы Н.Қалиолдин, «Талап» ШҚ механизаторы Н.Лохно, «Көкпекті жолдары» жол жөндеу мекемесінің жұмысшысы М.Оспанов марапаттады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Р.Баймолдина, Әділет басқармасының басшысы Қ.Ілиясов, жер қатынастар бөлімінің басшысы Ж.Бахтинов, Биғаш ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы Е.Әлімбек, сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы, жеке кәсіпкер Р. Ибраимов, №2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов, жеке кәсіпкер Б.Мүрсәлімова, кірістер басқармасының бас маман-заңгері О.Кривко, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Г. Нығметжанова, қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Ә.Бахтиярова, Көкпекті ауданы прокурорының міндетін атқарушы А.Ордабаев, халыққа қызмет көрсету орталығының маманы М.Түсіпжанова, АЭС қызметкері В.Бауэр, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпорация комерциялық емес АҚ ШҚО бойынша филилалының маманы Ж.Жұмағұлова, №58 өрт сөндіру бөлімінің бастығы С.Дубаев, аудандық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының ветеринарлық-санитарлық инспекторы Ө.Сұлтанов аудан әкімінің алғыс хатын иеленді.
Күннен-күнге алып бәйтеректей бой түзеп, бәйшешек гүлдей құлпырып келе жатқан елорданың келбеті алыстан көз тартып тұрады. Осындай әсем қаламен бірге өсіп келе жатқан астананың құрдастары да жетерлік. Солардың бірі – Әділжан Ғалымов салтанатты шарада құттықтау тілегін білдірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкер ардагері Клара Смаилова Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап әріптестерін мерекемен құттықтады.
Бар қазақтың мақтанышына айналған Аста-наның мерейлі мерекесінде мәдениет үйінің өнерпаздары әсем ән, тәтті күйді төгілтіп, жиналғандарды шаттыққа бөледі.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз