Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«MEN QAZAQPYN» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық Мега жобасының іріктеу кезеңінің концерті Көкпекті аудандық мәдениет үйінде өтті.
Өз өнерлерін сынатуға көкпектілік Бұлбұл Өмірсерік, Томан Рәпилә, Әли Жанғасинов, Фархат Маратұлы, Манарбек Бекішов, тассайлық Біржан Байжұманов, биғаштық Айжан Дүнгененова, преображенкалық Айдын Хұмырбек, құлынжондық Ниязбек Жанабаев қатысты. Өнерлі жастардың орындаушылық қабілеттерін, сахнада өзін-өзі ұстай біліп, көрерменді баурай алуларын бағалау Шығыс Қазақстан Облыстық «Алтай» телевидениесінің директоры Айда Жабағиева бастаған, құрамында Әлібек Саржанов, Дархан Бердібек, Асқар Сүлейменов бар қазылар алқасына жүктелді.


Дәстүрлі ән байқауына қатысқан Біржан мен Бұлбұл күйшілер Рәпилә мен Айжан уақыт пен дайындықтың аздығынан өз өнерлері мен таланттарын толық көрсетпей, ірке соқты. Құлынжондық Ниязбекті тосқан алқа мүшелері, одан көңіл көншітерлік орындаушылық көре алмады.
Термешілер арасынан Марат, Айдын, Фархат облыстық сайысқа жолдама алды. Осы іріктеу сайысының барлық шартына сай өнер көрсеткен Әли Жанғасинов болды. Екі шекті домбыраның қасиетін ұғып, құдіретін таныған оғланымыз көргенді қызықтырды, тыңдағанды тәнті етті. Ол ойнаған күй Егінбұлақтағы қызылжалдың самалындай есті, Кіндіктінің айдынындай толқыды. Сарсүйектен көтерілген күндей нұрланды, айсәулесіндей Сарыбасқойды аялап, Апрымның төбесіндегі жазғы түнгі жұлдыздай жамырады. Аудан өнерін әлемге паш етер өнерлі төрттікке сәт сапар тіледік.

ҚАЙРАТ БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз