Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Облыс әкімінің жүлдесіне өткізілген ХХІ халықтық спорт ойындары аяқталды. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған жарысқа Көкпекті ауданының құрамасы сапында 19 спорт түрінен 150-ден астам жерлесіміз қатысып, аудан намысын қорғады. Жеке спорт түрлерінен жақсы нәтижелер де бар. Десек те, жалпы есепте аудан құрамасы 12 орынға табан тіреді.

«Бір шаңырақ» астында атты киіз үй фестивалі көкпектіліктер үшін сәтті бас-талды. Этно ауылды аралап, ұлттық спорт түрлерін тамашалауға келген облыс әкімі Даниал Ахметов біздің ауданның ақбоз үйіне арнайы ат басын бұрды. Ұлттық салт-дəстүрді насихаттау аясында Сұлтан Нұрланұлы атты бүлдіршіннің тұсауын кескен сәтін облыстың бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Киіз үй қалашығындағы әрбір орда елімізді мекендейтін этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін паш етті.
- Тәуелсіз елімізде бірлік пен келісімде тұрып жатқан сан алуан ұлттардың мәдениетін көріп отырмыз. Қазақ елінің салтына сай баланың тұсауын кесу рәсіміне қатыстым. Сондай-ақ, татарша келін түсіру, орыс ұлтының қонақ күту дәстүрін тамашаладым. Бұл, ең бірінші кезекте, Қазақстан халқының татулығын көрсетеді. Біздің басты құндылығымыз да осы, сондықтан қастерлеп сақтауымыз маңызды, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Жас болса да аудан құрамасының тізгінін қолына алған Дәурен Данабек жаттықтыратын қазақ күресінің палуандары алғашқы жүлдені қоржынға салды. Боз кілемде барын салып белдескен көкпектілік 6 палуанның ішінен Дидар Тукушев жүлде олжалады. Оқушы кезінде де аудан қанжығасына қола байлаған палуан 66 кг салмақ дәрежесінде тағы бір мәрте мықтылығын көрсетті. Бұл бәсекеге облыстағы кілең мықтылар жиналған екен. Біздің жігіттер де намыс-ты қолдан бермеуге тырысып бақты. Арман Ізғұтты мен Өскен Төлеубек сынды білекті палуандарымыз жақсы-ақ күресті. Сәттілік жетіспеген жігерлі жігіттер бұл жарыста жүлденің ауылынан сәл қалды.

Мерейімізді үстем етіп, абыройымызды асырған көкпаршы жігіттер ерледі! Қанат Биқатов жетекшілік ететін көкпаршыларымыз облыста үздік екендерін мойындатты. Топтан қиналмай шыққан жігіттер ақтық сында Тарбағатай және Өскемен құрамаларымен додаға түсті. Жарқын Жанбуршин мен Дарын Ахмадиев сынды сом білекті жігіттердің шебер ойыны атшабар аумағына жиналған атсүйер қауымның айызын қандырды. Көп жылдан бері туымызды жықпай жүрген құрама сапындағы барлық көкпаршы жігіттердің еңбегін ерекше атап өткен абзал. Біздің ауданның жастары, болашақ көкпаршылары осы жігіттердің жолын қуса, елдің мерейін асыратын азамат болатынына сеніміміз кәміл.
Аудан атынан дүбірлі додада бәйгеге түскен тұлпарымыз да топты жарды. 3.2 шақырымдық ұшқыр бәйгеде бабы мен бағы келіскен «Грант» атты сәйгүлік мәре сызығын бірінші болып кесті. Бөркін аспанға атқан көкпектіліктердің мәртебесін асқақтатқан жануардың иесі елжанды азамат Жұмабек Күшікпаев. Құлынжондық әйгілі атбегі Рустам Шайырғазин жаратқан жүйрігіміз осылайша аудан құрамасына тағы бір жүлде олжалады.
Көпсайыста сынға түскен тәжірибелі Айгүл Тютенова ересектер арасында 3 орынды ұтып алды. Кезінде республикалық «Ақбидай» халықтық ойындарының жеңімпазы болған жерлесіміз мол тәжірибесінің арқасында қарсыластарының алдын орап кетті. Суда жүзу, нысана көздеу, түрлі қашықтыққа жүгіру, граната лақтыру сындарынан тұратын көпсайыста жүлдеге ілігу оңай шаруа емес.
Осылайша, төрт күнге созылған халықтық спорт ойындары да мәресіне жетті. Көкпаршылардың жетістігіне қуанып, жүйрігіміздің жүлдесіне алақайладық. Қазақ күресі мен көпсайыстағы қола жүлделерді місе тұтып, жалпы есептегі 12 орынды еншіледік. Бұл жарыс біздің спорттағы мықты жақтарымызбен бірге кенжелеп қалған тұстарымызды да айшықтап берді. Семей қаласында өтетін келесі халықтық спорт ойындарына дайындықты осы бастан жүйелі жүргізу керектігіне көзімізді де жеткізді. Жеңісті күндеріміз көп болсын, ағайын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз