Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында, қазіргі Қазақстанның бас-ты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қараөткел негізгі мектебінде қазақ поэзиясының хан тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың...» атты еске алу кеші өтті.
Кештің мақсаты, қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу болды.


Кешті, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.Қарсыбаева және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ф.Кенжебекова ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Бұл іс-шараның өтуіне 1-8 сынып оқушылары белсене, атсалып қатысты. Мерекелік кешке барша ауыл тұрғындары жиналды.
Мерекенің шымылдығын 7 сынып оқушылары «Ана сен бақыттысың» әнімен ашты. Кеш барысында ақынның өмірі, жастық шағы, шығармалары мен туындылары жайлы сөз қозғалды. Мұқағалидың өмірбаяны жайлы бейнебаян ұсынып, көрсетілді. Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның «Отан» туралы, «Жүрегім», «Үш бақытым», «Менің мақсатым», «Фаризаға», «Жас қайын», «Махаббат бей уақытта табыспайды» өлеңдері оқылды.
Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақынға арнап «Балалық шақтан-болашаққа», «Менің анкетам», «Махаббат диалогі», «Ауруханада» атты көріністер қойылды. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған «Саржайлау», «Айтатын саған сырым бұл», «Бақыт» деген сияқты әндер шырқалды. Кештің соныңда «Есіңе мені алғайсың» әні орындалып, мерекелік кештің нүктесі қойылды. Келген қонақтар кештен керемет әсер алып, бізді өз қошеметтеріне бөледі.
Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды.


Қараөткел негізгі
мектебінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз