Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сүйінші хабар, ағымдағы жылдың 5-11 ақпан аралығында Астана қаласында өткен Республикалық Жайдарман маусымашар фестивалінде өнер көрсеткен жерлестеріміз «Көкжайық құрамасы» іріктеуден сүрінбей өтті. Енді олар үздік елуліктің сапында болады. Республикалық фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам команда қатысыпты.  Алдағы уақытта біздің команда премьер лига ойындарында өнер көрсетеді – деді, мақтанышпен жайдарманшыларға ағалық қамқорлық танытып жүрген  аудандық жастар орталығының директоры  Азамат Қалықов. 

Республикалық «Жайдарман» клубының премьер лига ойындарын ұлттық арнадан тамашалай аламыз. «Көкжайық құрамасы» командасы келесі жастардан жасақталған: команда жетекшісі Көкпекті аудандық жастар орталығының директоры Азамат Серікұлы Қалықов, мүшелері КАЗГЮУ студенті Еркін Бауыржанұлы Байсейітов, КРИС колледжінің студенті Ермек Аздарханов, Астана қаласында «Bigrup» компаниясының қызметкері Дінмұхамет Сафиоллинов, Шәкәрім атындағы университтің студенті Ерлан Сиғбатоллаев, Көкжайық ауылдық клубының меңгерушісі Ринат Маратұлы Құмарбеков, Құрылыс колледжінің студенті Ұлан Маратұлы Сағымбаев.
«Жайдарман» клубы — Қазақстанның белсенді, өнерлі жастарын бір шаңырақ астына жинаушы орта, мәдени тәрбие-тәлім беріп, өнерін шыңдаушы мектеп. «Көкжайық құрамасы» командасының бұл маусымда ойнауға ниет білдіріп, Жайдарман әлеміне жасаған қадамдары бізді қуантты. Әрқайсымыздың жаңа маусымнан күтеріміз көп, жаңалық мол, мақсаттары айқын.
-Республикалық маусымашар 2018 фестиваліне дайындық кезінде түйгенім аудан көлемінде жайдарман ойындары қарқынды дамуда және командаларға жақсы демеушілік көрсетіледі, өнерлі жандар үшін барлық жағдайлар жасалған – деді, сөз аяғында Азамат Серікұлы.

ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз