Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері спорт төресі – таэквондодан аудан намысын биік ұстап келеді. Жақында Өскемен қаласында, 2004-2006 жж жасөспірімдер арасында өткен таэквондодан облыс чемпионатында жеңіспен оралды.
Аталмыш чемпионат Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналды. Облыстың түкпір-түкпірінен спортшылар қатысқан додада біздің таэквондошылар аудан намысын қорғап, бапкер Бақыт Ғазизовтың шәкірттері үздік нәтижелер көрсетті. Дүркіреп өткен облыстық жарыстың қорытындысы бойынша көкпектілік спортшылар жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.


61 кг салмақ дәрежесінде ұлдар арасында өнер көрсеткен Анатолий Бойко І-орын алса, 41 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекжан Жексенбеков ІІІ орынды иемденді. Саңлақ спортшылардың жеңісті жолдарын қыздар арасында өз салмақ дәрежелерінде Динара Ғазизова мен Еркежан Еркенова қанағат тұтты.
Бақыт Ғазизұлындай білікті бапкерлердің ізін басқан жас таэквондошылар жыл басынан бері толағай табыстарға қол жеткізіп үлгерді. Болашақта осы алған білім-тәжірибелері спортшыларға жаңа белестерге жетулеріне себепші болатыны анық.
Салауатты өмір салтын ұстанған жас спортшыларымыз аға буынының батырлық және жауынгерлік қасиеттерімен тәрбиеленіп, намысы ту етіп болашақта Отанымыздың бетке ұстар, абыройлы азаматтары болатындарына толық сенімдіміз!


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз