Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 ақпан күні ауданымыздағы байырғы мектептердің бірі - Абай атындағы мектеп-балабақша кешені жанындағы хоккей қорабының мұз айдынында «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы, «Жас Отан» жастар қанатының және аудандық білім беру, спорт және денешынықтыру бөлімінің бастамасымен жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден жолдастық кездесулер өткізілді. Кездесуге Мамай, Көкпекті, Теректі және айдын иелері Үлгілімалшы ауылдарының жас хоккейшілері қатысты. Шиеленіскен ойында үлгілімашылықтар басым түсіп бірінші жүлдені қанжығаларына байлады. Екінші орынды теректіліктер, үшінші орынды көкпектіліктер алды. Мамайлықтар мен үлгілімалшылықтардың кіші командалары «Үздік ойын көрсеткені үшін», «Белсенді қатысқаны үшін» аталымдарымен марапатталды. Жарысты жоғарғы деңгейде ұйымдастырған мектеп директоры Еркінбек Құсайыновқа, командалар жаттықтырушыларына, барлық қатысушыларға «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлбаран Ақшабаева алғыс білдірді.


Республикамыздағы «Үздік ауыл мектебі», Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін пилоттық түрде енгізіп жатқан Үлгілімашылық Абай атындағы мектептің директоры Еркінбек Құсайыновтан хоккей туралы жалпы ойын бөлісуді сұрағанымызда:
- Шайбалы хоккей ойналатын мұз айдынының ұзындығы 51 - 61 м, ені 24 - 30 м, айнала шетінің биіктігі 1,10 - 1,22 м етіп қоршалған алаң. Алаңның дәл ортасынан қызыл сызық, ені 30 см, әр қақпадан 18 м қашықтықтан көк сызық тартылады. Қызыл сызық алаңды екіге, көк сызық үшке бөледі. Көк сызықпен бөлінген алаңының екі шеткісін қорғаныс алаңы, ортаңғысын орталық алаң дейді. Қақпа сызығының дәл ортасына ені 183 см, биіктігі 122 см қақпа қойылады. Ойын үш кезеңде, әр кезең 20 минуттан өтеді. Міне, дәл осы өлшемдерге сай етіп хоккей корды жасалды. Жалпы осы ауылда хоккейді 2000 жылдардан бастап үйрете бастадым. Дәл осы хоккей ойыны үшін 25 жылдық мамандығым – тарихшыны, денешынықтыру мұғаліміне де айырбастадым. Сырттай оқып мамандыққа сәйкес диплом да алдым. Үлгілімалшылық жас хоккейшілерді 5 сыныптан бастап дайындап, облыстық дәрежеде ойын көрсетіп жүлделі орын алуға дейін жеткіздім- деп сөзін аяқтады білікті басшы.
Аудан бойынша шайбалы хоккей ойыны бүгінгі күні Теректіде, Мамайда, Көкпектіде жақсы дамып келеді. Ал Үлкенбөкен хоккейі басқаларға үлгі болғанымен, жарыстарға көп қатыспайды. Басқа ауылдық округтерде ынталы ойыншылар бар болса да, оларды қолдаушылар жоқтығынан, не қораптары үлкен болып, мұз дұрыс құйылмағаннан, не үйлестіріп ұйымдастырар білікті басшы болмағасын жандандырып ойнау болмай тұр. Сонымен, ауданның кейбір ауылдарында қорап бар да, хоккей жоқ.

Қ.Мәлікаждар, Көкпекті ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз