Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көңілді тапқырлар клубы жастардың дамуы мен жүзеге асыруда үлкен әлеуетке ие деп айтуға толық негіз бар.Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналған Қазіргі таңда ол жастардың талантты ұйымдық, театрландырылған шығармашылық, зияткерлікті дамыту, эстетикалық тәрбие және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру құралы болып табылатын белгілі жастар қозғалысы.
Осы мақсатта Көкпекті ауданы жастар орталығының ұйымдастыруымен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Көкжайық құрамасының жайдарман командасы өнер көрсетті. Мәдениет үйі әншілерінің орындауындағы әсем әнмен басталған іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар қатысты. Көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шарада айтыс өнерінен шағын көрініс көрсетілді. Аудан көлемінде өнер көрсетіп, көңілді тапқырлар клубтары арасынан топ жарып жүрген Көкжайық құрамасы сәтті әзілдерімен көрерменді күлкіге кенелтті. Өнерлі жастардан құралған топ туралы қысқаша айта кетсек, команда капитаны Еркін Байсейітов. Жайдарманшылар бірнеше мәрте аудандық, облыстық ойындардың жеңімпаздары. Соңғы жылдары облысқа танылып жүрген «Көкжайық құрамасы» өздерінің көңілді әзілдерімен көптің ықыласына бөленіп жүр. Соның дәлелі ретінде жоғары дәрежелі өнер көрсетіп жүрген команда, ағымдағы жылдың ақпан айының 5-10 аралығында Астана қаласында өтетін Республикалық жайдарман 14 маусымашар фестивалі ойындарына жолдама алып отыр. Жас өнерпаздарымыз Жайдарман ойынында сәтті өнер көрсетіп, жерлестеріміз жүлделі орынмен оралсын деген тілегімізді білдіреміз.

ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз