Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға үнемі зор маңыз беріп келеді. Ол үшін спортпен де шұғылдану қажет. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ «Жолдауында» «Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі» деп те атап көрсетті.


Көкпекті ауданы білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен ауданның балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі осы мақсатты жүзеге асыруға зор үлестерін қосып келеді. Сондай-ақ, спорттың барлық түрінен шұғылдану қолжетімді болды әрі күнделікті әдетке айналды десек, артық айтпағанымыз. Осының нәтижесінде аудан намысын қорғап, туын биіктетіп жүрген спортшыларымыздың жеңіс жолында тұғыры биік екендігі де дау тудырмасы анық. Біздің спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жоғары жетістіктерге бағытталған спорт жайында көп айтып, жазуға болады. Соның бірі – корей халқының ұлттық спорт түрі – таэквон-до.
Таэквон-до (ITF) жайына келер болсақ, ол Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілгелі аса көп уақыт өте қоймаса да, мамандардың айтуынша, қазақстандықтар бұл түр бойынша мерейге бөлене алады. Таэквондоның ITF түрінен біздің жерлестеріміз ағымдағы жылдың 24-26 қыркүйек күндері Абай ауданы, Қарауыл ауылында өткен 14-15 жастағы жасөспірімдер арасындағы «Абай ауданы кубогы» және Шығыс Қазақстан облысының чемпионатына қатысып қайтты. Абай елін дүбірге бөлеген тартысты жарыс екі күнге созылып, біздің таэквон-дошыларымыз төмендегідей жетістіктерге жетті. І-орынға (А.Рамазанов, Р.Байсақалов, Д.Ғазизова, Е.Зияш, Ж.Смағұлов, Б.Марат-ов, А.Бойков.), ІІ-орын Б.Жек-сенбеков, А.Клименов және ағайынды Самат пен Сұңғат Ерлановтар алса, ІІІ-орынды Жасұлан Амангелдинов қанжығалап қайтты.
Ауданымызда білгір бапкер, жүздеген шәкіртті осы спорт түрінен баулып жүрген Бақыт Ғазизұлы Рахимов алдағы күндері, яғни 4-5 қазанда Новосибирскіде және 25 қазанда Курчатов қаласында өтетін, сондай-ақ, 4-5 қарашада Семейде өткізілетін жарыстарға дайындық үстінде екенін айтты.
Мадақтамамен марапатталған жеңім-паздардың барлығын сүбелі жеңістерімен құт-тықтаймыз. Алдағы болатын жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінулеріңе тілектеспіз.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз